- Басты
- Жаңалықтар
- «Азия Авто Қазақстан» инфрақұрылымының негізгі нысандары 2016 жылдың соңына қарай пайдалануға беріледі – ИДМ
«Азия Авто Қазақстан» инфрақұрылымының негізгі нысандары 2016 жылдың соңына қарай пайдалануға беріледі – ИДМ
«БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» холдингі жобалау және өндірістік қуатының құрылысына 55 млн доллардан астам жеке қаржысын бағыттады.
«АЗИЯ АВТО ҚАЗАҚСТАН» инфрақұрылымының негізгі нысандары 2016 жылдың соңына қарай пайдалануға беріледі.
Жобаның бірінші кезектегі базалық қуаттылығының жалпы инвестиция көлемі 380 млн АҚШ долларын құрайды.
Қазір құрылыс алаңында инженерлік коммуникацияларды монтаждау жұмыстары жүріп жатыр: атап айтқанда электрлік желілерді тарту, су және жылумен қамтамасыз ету, кірме жолдардың құрылысына қатысты жұмыстар. Мердігерлер электрмен жабдықтау желілерін монтаждау жұмыстарын аяқтауға жақын. 240 адам жұмылдырылған. 2017 жылы құрылыс-монтаждау жұмыстарына 1 мыңнан астам жұмысшы тартылады.
Жаңа толық циклді қуатта шанақты бояу мен дәнекерлеу жұмыстары жүзеге асады. Сондай-ақ, кең көлемді құрамдас бөлшектер шығарылады.
Салынып жатқан құрылыс отандық машина жасау тарихындағы ірі кәсіпорын болады. Мұнда жылына 340 млрд. теңгенің өнімі шығарылады.
Кәсіпорын толық қуатына шыққанда 12 мың адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Оның ішінде 8 мыңы қосалқы бөлшектер шығаратын технопарктің үлесінде. Жыл сайын мемлекеттік бюджетке 30 млрд. теңге түседі.
Өндірілген өнім құны құрылымындағы қазақстандық мазмұнның үлесі 50% пайыздан асады. Оның үстіне қолданылатын автокомпоненттердің 90% Қазақстанда және ЕАЭО мүше елдерде шығарылған қосалқы бөлшектер құрайды.
Анықтама:Жаңа зауыттың өнімдерін еліміздің ішкі нарығы мен Ресейдің Қиыр Шығыс және Сібір федералдық округтерінің нарығына шығару көзделіп отыр. 2015-2016 жылдар аралығында жобаның инвесторлары Ресейдің 12 қаласында 16 авто орталық ашты. Салынып жатқан кәсіпорын Орталық Азия (Түркіменстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия) және Кавказ елдерінің нарығына шығуды көздеп отыр.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
ІІМ: Автокөлік ұрлаған 8 қылмыстық топ ұсталды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары -
Машина жасау: Автомобиль құрастыру, металл өнімдері және өндіріс көлемі -
Микроқаржы ұйымынан несие алу: Кімге беріледі және шарттары қандай -
Тоқаев: Өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі көңіл көншітпейді -
Қазақстандағы миграцияның негізгі тенденциялары -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы