- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысы шағын фермалар құру арқылы құс, балық және бал өнімдеріне импортты төмендетпек
Ақтөбе облысы шағын фермалар құру арқылы құс, балық және бал өнімдеріне импортты төмендетпек
Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласы мен облыстың аудандарында 49 шаруашылық жұмыс істеп тұр. Осыдан екі ай бұрын бұл көрсеткіш төмен болатын. Осының өзі әлі де жеткіліксіз деп есептейді аймақ әкімі. Осы аталған салаларды дамытып, сандарын көбейту арқылы ешкі сүтіне, балға, жұмыртқа мен қоян етіне деген импортты төмендетпек. Егер бұрын ақтөбелік шаруашылықтар жылына 124,2 тонна ешкі сүтін, 6 тонна бал, 3,6 млн. дана жұмыртқа мен 4,7 тонна үй қоянының етін өндірген болса, қалғаны жоғары бағамен Ресейден жеткізіліп келген. Енді, жақын уақытта сырттан тасу қажеттілігі деген мүлде болмайды.
Облыс әкімі осы салаларды дамытудағы зор әлеуеттің толық пайдаоанылмай отырғанын тиісті мемлекеттік орган басшыларына тигізіп айтты.
«Біздің аймаққа осы мақсатта пайдалану үшін бөлінген 4 млрд. 300 млн. теңге жартысы да игерілмеген. Неге? Барынша пайдалануға мүмкіндік жеткілікті. Ауылдықтар бұл жөнінде білмейді де»,-деп облыстьық ауыл шаруашылық басқармасы мен табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармалары басшыларының жұмысын сынға алды аймақ басшысы.
«Бізде балық өсіруге болатын 42 өзен, 132 көл, 9 су қоймасы бар. Балық өңдейтін цех салуға болады. Екі айбұрын 2016-2018 жылдарға балық саласын дамыту туралы бағдарлама дайындау туралы тапсырма берген болатынмын, ол әлі жоқ. Бұл басқарманың жұмысы нашар екенін көрсетеді»,-деп бағалады облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қызметін Бердібек Сапарбаев.
Облыс әкімі сондай-ақ, фермалар ашу, құс басын көбейту, үй қояны мен ешкі шаруашылықтарына субсидия беру бағдарламасы бойынша көрсеткіштің төмен екендігі туралы да айтып, тиісті салалардың жұмысын сынға алды.
Биыл 14,9 млрд теңгенің 10 жобасы пайдалануға берілмек, 700 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Әзірге жылдық қуаттылығы 111,6 мың тонна болатын аз тоннажды мұнай өңдеу зауыты іске қосылды.
Жыл соңына дейін «Хромикс» пигмент-толықтырғыш және құрамында хромы бар магнезиалды ұнтақ, полиэтилен пакеттер мен полипропилен-полиэтилен қораптар шығаратын өндіріс орындары ашылады, жылына 5 мың тонна бройлер етін өндіретін құс фабрикасы қолданысқа беріледі, сонымен қатар жылына 50 мың шаршы метр тұрғын үй салатын үй құрылыс комбинаты ашылады деп күтілуде.
Екінші жартылдықта және 2017 жылы жалпы құны 300 млрд теңгеден асатын 10 жаңа жоба жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау