- Басты
- Жаңалықтар
- 265 лейтенант Құрлық әскерлерінің институтын тәмамдады (ФОТО)
265 лейтенант Құрлық әскерлерінің институтын тәмамдады (ФОТО)
Түлектер арасында оқуды қызыл диплом мен алтын медальға бітірген 6 лейтенант бар. Олар: Еркебұлан Қоңырбай, Бекболат Қарлыбаев, Александр Клименко, Бауыржан Нұрсұлтанов, Әмір Есімсейіт пен Данияр Ескендір. Екінші батальонның түлектері жоғары саптық дағды және жалпыәскери жарғыларды білулерімен ерекшеленеді. Олар Мәскеудегі Қызыл алаңды адымдап өтіп, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған парадқа қатысты.
Құрлық әскерлері Әскери институтының 46 жылдық тарихы бар екенін айта кетейік. Құрылған сәттен бастап ЖОО-да әртүрлі мамандықтар бойынша 17 мың офицер дайындалды. Қазіргі уақытта олар өздерінің білім алған жоғары оқу орнының даңқын асқақтата отырып, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мен ТМД елдерінде қызмет атқаруда. Түлектердің біршамасы ірі әскери бөлімшелер мен ведомстволарды басқаруда. Жоғары әскери атақтар мен үкіметтік наградаларға ие болып отыр.
Институт түлектері арасында Халық қаһарманы генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев, 13 түлек Кеңес Одағының, Ресей мен ТМД-ның өзге елдерінің батырлары атағын иемденді. 53 түлек ҚР Қарулы Күштері мен өзге елдердің, яғни, Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы және Тәжікстан Республикасы Қарулы Күштерінің генералдары болып табылады. Әскери институттың курсанттарын дайындау 10 кафедрада жүзеге асырылады. Институт ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы мүше мемлекеттерінің Қарулы Күштері үшін әскери кадрларды бірлесіп дайындау оқу орындарының тізбесіне енгізілді. ЖОО-да Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасының әскери қызметшілері білім алуда.
-
Әкімдерді сайлау: «Бұл - жергілікті өзін-өзі басқару институтын дамыту жолындағы заңды қадам» -
Экономикалық зерттеулер институтына - 60 жыл -
Генерал-лейтенант: Биылғы міндет – бірде-бір сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу -
Биылғы теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігі бұзылған 265 оқиға тіркелді -
Елордада «Мейірім шуағы» қалалық акциясы өтті (ФОТО)
-
ХҚО-лар қалай жұмыс істеп жатыр (ФОТО) -
Елордаға қалай кіруге болады (ФОТО) -
Қызмет көрсету сапасы жағынан бәсекеге қабілетті болуымыз керек – әлеуметтік кәсіпкер (ФОТО) -
Қазақстанда өткен тәулікте 265 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды -
Елордада автобустар жүре бастады (ФОТО)
-
Н.Нығматулин: Президенттің парламенттік оппозиция институтын құру туралы бастамасы заңнамамен бекітілді -
Полиция лейтенанты: Адамдарды қауіп-қатерден құтқару - біздің күнделікті жұмысымыз -
Ғимараттарды залалсыздандыру қалай жүзеге асырылуда (ФОТО)
-
Жол жабық. Елорда маңындағы аудандардағы блок бекеттердің жұмысы (ФОТО) -
Елордадағы инфекциялық аурухананың құрылысы қалай жүріп жатыр (ФОТО)