Үкіметке экспорттық-бейімделу саласын дамыту қажет – Мемлекет басшысы

1 Шілде, 2016 14:52
Үкіметке экспорттық-бейімделу саласын дамыту қажет, деді Елбасы Нұрұлтан Назарбаев 2016 жылдың бірінші жартысындағы индустрияландыру бағдарламасының қорытындысына арналған жұмыс отырысында.

«Барлығымыз көріп отырғандай, экономика сыртқы қысымға душар болып отыр,  тауарларымызға бағаның төмендеуі орын алды, бірақ  экономикалық белсенділікті жалғастыру елде жүргізілуде, ауқымды мемлекеттік инвестициялар нәтижесінде жүзеге асып жатқан шаралар. Сондықтан бүгінде жаңа экономика өсімінің көзін әзірлеген дұрыс. Осы орайда алдағы жылдары Үкіметтің назарын бірқатар экспорттық-бейімдеу саласына аударған жөн. Мәселен,  азық-түлік өнімі, металлургия, машина жасау, агро мен мұнайхимия саласы», - деді ҚР Президенті.

Елбасы айтып өткендей, индустрияландыру үрдісінің жақсы көрсеткішіне қарамастан, кемшіліктер де бар.

«Көп өндірістік кәсіпорындардың құрылуы – басты мақсат емес. Ең негізгі назар жобалардың сапасы  мен өмір сүру ұзақтығы, өнімнің Қазақстаннан басқа өңірлерде қолданылуы болып табылады. Сондықтан бұл бесжылдық жобаларын таңдауда мемлекеттік  қолдау көрсетілу үшін өнімнің экспорттық бәсекеге қабілеттілігін ескеру арқылы іске асырылуы керек», - деді Мемлекет басшысы.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар