• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Назарбаев: Үкімет пен Ұлттық банк ЕДБ-мен экономиканы несиелеу көлемін қалпына келтіру бойынша шара қолдану керек

Н.Назарбаев: Үкімет пен Ұлттық банк ЕДБ-мен экономиканы несиелеу көлемін қалпына келтіру бойынша шара қолдану керек

1 Шілде, 2016 14:47
Үкімет пен Ұлттық банк екінші деңгейлі банктермен экономиканы несиелеу көлемін қалпына келтіру бойынша шара қолданулары керек. Бұл жерде орта және шағын бизнесті қаржыландыруға мән берілуі қажет, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының 2016 жылғы I жартыжылдық қорытындысына арналған кеңесте.

«Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету керек. Үкімет пен Ұлттық банк екінші деңгейлі банктермен экономиканы несиелеу көлемін қалпына келтіру бойынша шара қолданулары керек. Бұл жерде орта және шағын бизнесті қаржыландыруға мән берілуі қажет»,-деді Мемлекет басшысы.

ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов атап өткендей, индустрияландыру – бұл шикізат өнеркәсібінен өтуде өте маңызды қадам. «Ұлттық банк қазіргі уақытта макроэкономикалық тұрақтылықты төмен инфляция арқылы қамтамасыз етуде барлық шараларды қолданып жатыр. Сонымен қатар, ұлттық валютаға деген сенімді қайта қалыптастыруда, экономиканы несиелеуді жаңарту үшін жағдайлар жасалуда. Қазір ұлттық валютаға деген сенім артып келеді. Қазір базалық ставканы 2 айда 17-ден 15 15% төмендеттік. Бұл өз кезегінде үстемелік пайыздың төмендеуіне сеп болады»,-деп түсіндірді төраға орынбасары.

А.Ахметов жыл басынан бері инфляция 4,2% құрағанын атап өтті. Жыл соңына қарай Ұлттық банк инфляцияны 8% дейін төмендетуді алдына мақсат етіп қайған. 2020 жылға қарай бұл көрсеткіш 4% құрау керек.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар