• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Назарбаев Үкіметке сыртқы нарықтарға қазақстандық тауарлардың шығарылуын қолдау үшін шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды

Н.Назарбаев Үкіметке сыртқы нарықтарға қазақстандық тауарлардың шығарылуын қолдау үшін шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды

1 Шілде, 2016 14:31
Осы бесжылдықта жобаларды іріктеу экспорттық өнімдердің бағыттарымен бәсекеге қабілетті тұрғысынан жүзеге асырылуы керек, Үкіметке сыртқы нарықтарға қазақстандық тауарлардың шығарылуын қолдау үшін шаралар кешенін әзірлу керек, деп ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылдың бірінші жартысындағы индустрияландыру бағдарламасының қорытындысы бойынша кездесуде мәлім етті.

«Өткен жылдан бастап Қазақстан ДСҰ-ға мүше болды, бұл бізге 130 мемлекеттің әлемдік нарығында кеңістікті ашады, көбінесе Қытай, Иран, Ресей, ЕО. Біз осы нарықтарды қалай бағындыра алатындығымыз туралы ойлауымыз керек. Үкіметке сыртқы нарықтарға қазақстандық тауарлардың шығарылуын қолдау үшін шаралар кешенін әзірлеу керек. Бұл әрбір облыс, қала және аудан әкімдігінің басты тапсырмасы болуы керек»,-деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысы осы бесжылдықта жобаларды іріктеу экспорттық өнімдердің бағыттарымен бәсекеге қабілетті тұрғысынан жүзеге асырылуы керектігін айтып өтті.

«Астаналық және Санкт-Петербургтік өткен форумдарда барлық сарапшылар әлемнің өзгеріп жатқандығын мойындады.  Жаңа шындық – бекітілген бағалар. Мұнай бір баррель үшін 130 доллар болды, ендігі күні, 50 доллар, ал бұрындары 30-40 доллар болған кездер болды. Баға 3-4 есеге кеміді. Бағалар қайтадан жоғарыға көтеріледі деп ойлайтындай негіз жоқ. Ешбір сарапшы ол туралы айтқан емес. Осындай шындықта өмір сүруге үйреніп, экономиканы дамыту керек»,-деді Елбасы.

Н.Назарбаевтың ойынша, экономика ресурстарының орнына экономика білімі келеді.

«Бірінші жоспарға креативті, жоғары өнімді бизнес кіреді. Аллаға шүкір, бізде серпіліс бар, бизнес бар және оны қолдау керек. Технологияның дамуына орай әлемде жаңа мүмкіндіктер ашылуда»,-деді Президент.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар