• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Назарбаев: ИИДМБ жобаларын іріктеу өнімнің экспорттық бәсекеге қабілеттілігін ескеру арқылы іске асырылуы керек

Н.Назарбаев: ИИДМБ жобаларын іріктеу өнімнің экспорттық бәсекеге қабілеттілігін ескеру арқылы іске асырылуы керек

1 Шілде, 2016 14:15
ИИДМБ жобаларын іріктеу өнімнің экспорттық бәсекеге қабілеттілігін ескеру арқылы іске асырылуы керек, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылдың бірінші жартысындағы индустрияландыру бағдарламасының қорытындысына арналған жұмыс отырысында.

«Индустрияландырудың жақсы көрсеткіштерге қарамастан, кемшіліктер де бар. Көп өндірістік кәсіпорындардың құрылуы – басты мақсат емес. Ең негізгі назар жобалардың сапасы  мен өмір сүру ұзақтығы, өнімнің Қазақстаннан басқа өңірлерде қолданылуы болып табылады. Сондықтан бұл бесжылдық жобаларын таңдауда мемлекеттік  қолдау көрсетілу үшін өнімнің экспорттық бәсекеге қабілеттілігін ескеру арқылы іске асырылуы керек», - деді Мемлекет басшысы.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар