• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Президенті: Халықтың табысын өсіру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты болуы керек

ҚР Президенті: Халықтың табысын өсіру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты болуы керек

1 Шілде, 2016 13:59
Халықтың табысын өсіру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты болуы керек, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылдың бірінші жартысындағы индустрияландыру бағдарламасының қорытындысына арналған жұмыс отырысында.

«Халықты тиімді жұмыспен қамту  қажетті табыс көзін бере алады. Халықтың табысын өсіру  мемлекеттік саясаттың басты мақсаты болуы керек. Ол үшін келесі міндеттерді орындау керек: одан әрі бұқаралық кәсіпкерлікті дамытумен жұмыс істейміз», - деді Н.Назарбаев.

Президент атап өткендей, халыққа  ауылда бизнесті дамытуға барынша мүмкіндік жасау керек.

«Олардың бастапқы каптал алуын жеңілдетіп, шағын несиелеуді кеңейту қажет. Кәсіпкерлікті дамыту үшін әрбір азаматқа шағын несие беру керек, агрокешенге аса көңіл бөлген жөн. Бүгінде негізгі шаруашылықтар шағын өнімнен тұрады, олар сақтау, өңдеу және сату үрдістерін жүзеге асыра алмайды. Біз саясатты дұрыс жүргізбей келдік. Аграршылардың міндеті өнімді шығарып, аяқтау. Ол жоғары сапалы өнім беруі керек», - деді Елбасы.

Ботагөз Айтжанова

 

 

Барлық жаңалықтар