• Басты
  • Жаңалықтар
  • Индустрияландыру бағдарламасы ел экономикасын тұрақтандыруға мүмкіндік берді – Н.Назарбаев

Индустрияландыру бағдарламасы ел экономикасын тұрақтандыруға мүмкіндік берді – Н.Назарбаев

1 Шілде, 2016 13:36
Қазақстан қазір күрделі дағдарыстық кезеңді бастан кешіріп жатыр. Индустриялды бағдарлама мен шағын бизнес те экономиканы ғана емес, сондай-ақ, әлеуметтік жағдайды қолдады. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы телекөпір барысында айтты.

«Негізгі экспорттық тауардардың: алюмений, мыс, қола құны 304-40 пайызға төмендеді. Біздің кірісіміз төмендеді.  Біздің басты серіктестеріміз – Ресей мен Қытаймен  тауар айналымымыз 26 млрд долларға қысқарды, ол 47 млрд болған. Дағдарыстық кезеңде  экономика қорын қолдап отырмыз. Біз дайындалып, индустрияландыру бағдарламасын дамыту арқылы шағын бизнесті дамытуға мүмкіндік алдық. Біздің халық дұрыс жүргізілген саясат экономиканы ғана тұрақты етіп қоймай, әлеуметтік жағдайды да жақсартады», - деді Елбасы.

Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек  осыған дейін жаһандық өзгерістерге назар аударған болатын.

«Дамыған елдердің капитал ағыны шетелдік инвестициялар үшін бәсекелестіктің көбеюін көрсетеді. 2011 жылдан бастап әлемдік бағаның металға деген түсімі байқалып отыр, олар әзірге қазақстандық өңдеу экспортының негізі болып отыр. Көптеген елдердің экономикаларында баяулау байқалуда, оның ішінде  біздің негізгі тауар серіктестіріміз – Ресей мен Қытай да бар. Біздің көз алдымызда технологиялық орынның ауысуы байқалып отыр, экологиялыққа тәртіптің күгеюі технологияларды оңтайландыруды қажет етеді», - деді министр.

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар