Ақтауда «Қазақстан Пайп Трэдерс» кәсіпорны іске қосылды

1 Шілде, 2016 13:14
Елбасы Нұрсұлтан назарбаев Астанадағы телекөпір аясында Ақтаудағы «Қазақстан Пайп Трэдерс» ЖШС зауытын іске қосты.

Елбасы айтып өткендей, актау  порты елдің маңызды көлік түйініне айналды.

«Біз «Қорғас» құрғақ портымен байланыстырдық, Қытайдан келетін  тауар Ақтау портына түсіп,  жедел қуаттылыққа түседі. Бұл Кавказдың Еуропамен, Ресеймен, Иранмен және өзге елдермен байланысы. Қазір жаңа кәсіпорындардың енгізілуі өте орынды іс.  Ақтау аймағы жаңа жұмыс орындарын қажет етеді», - деді Елбасы.

Өз кезегінде компания жетекшісі нысан Каспий  өңірінде ең бірегей компания екенін айтып өтті.

 «Кәсіпорын бүкіл Каспий аймағындағы ерекше технологиялық өнеркәсіптік кешен болып табылады. Оның құрылысына 40 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылды. Қазақстанның қолайлы инвестициялық климатының арқасында зауыт елімізге жаңа технология әкелді. Сонымен бірге білікті мамандар дайындауға ықылас танытып отыр», - деді компания жетекшісі. 

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар