- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президенті телекөпір барысында Алматыдағы май өнімдерін шығару кешенін іске қосты
ҚР Президенті телекөпір барысында Алматыдағы май өнімдерін шығару кешенін іске қосты
«Өткен жылы шетелдік инвесторлар Кеңесінде сіз біздің Қазақстанда май өндіру кластерін құру жөніндегі жобамызды мақұлдадыңыз. Биыл біз 11 млрд. теңгеге Алматыдағы жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды қайта жаңғыртудан өткіздік», - деді кәсіпорын директоры Нұржан Қожамұратов.
Оның айтуынша, әлемдік тәжірибе бойынша кәсіпорын жанынан оқыту орталығы ашылған.
«Биыл біз 11 млрд теңгеге Алматыдағы зауытты жаңғырттық, жаңа технологиялар енгіздік. Біз өндіріс көлемін арттырып, келешекте Орталық Азияда негізгі май өнімдерін өндірушіге айналуды көздеп отырмыз», - деді телекөпір барысында кәсіпорын басшысы.
Өз кезегінде Президент бұл өндіріс ошағының маңыздылығын атап өтті.
«Бұл өте маңызды өндіріс. Қазір Қытайда өсімдік майының жаңа нарығы ашылып отыр. Сондықтан өндірістің әлеуеті зор. Өндіріс көлемін арттырып, сапалы, бәсекеге қабілетті өнім шығару керек», - деді Н.Назарбаев.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен индустрияландыру бағдарламасына арналған дәстүрлі жалпыұлттық телекөпір өтуде. Шара барысында индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының 2016 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қорытындысы шығарылып, екінші жартыжылдықтағы міндеттер айқындалады.
Индира Қауметова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Қазақстанда қысқа мерзімді онлайн курстардың бірыңғай порталы іске қосылды -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі