• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Президенті санитарлық-гигиеналық және тұрмысқа қажет қағаз өнімдерін өндіретін зауытты іске қосты

ҚР Президенті санитарлық-гигиеналық және тұрмысқа қажет қағаз өнімдерін өндіретін зауытты іске қосты

1 Шілде, 2016 12:36
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада телекөпір барысында «Ipek Kagit Central Asia» санитарлы-гигиеналық және тұрмысқа қажет қағаз өнімдерін өндіретін зауытты іске қосты.

Зауыт арнайы «Астана-жаңа қала» атты экономикалық аймақта орналасқан, кәсіпорын IpekKagit түрік инвесторларының қатысуымен іске қосылды. Инвестицияның сомасы – 3,4 млрд теңге. Зауыт жылына 16400 тонна өнім шығарады. Зауыт қағаз сүлгілерін, майлықтар және дәретхана қағазын өндіреді.

Компания басшысының айтуы бойынша, Орталық Азияда Қазақстанда ең жақсы инновациялық ахуал байқалады.

«Осыған орай, Астанада сапалы экологиялық-таза қағаз өнімдерін шығаратын зауыт құрылды. Жылына біз 11 млрд теңгенің өнімін шығаратын боламыз. Компания Ресейге экспортты ұлғайтады, сонымен қатар көрші елдерге, сондай-ақ Орталық Азияда көшбасшылықты сақтап қалады. Біз үшін бизнесті енгізуде барлық жағдайлар жасалған»,-деді "Ipek Kagit Central Asia» басшысы.

 Айта кететін жайт, өндіріс Италия, Түркия және Қытайдан әкелінген автоматтандырылған немесе жартылай автоматты жабдықпен жүзеге асырылады.

Процесс толығымен контактісіз өтеді, автоматты түрде және гигиеналық ереже сақталады. Өнімді баспатқыда қаптамаға орайды, содан кейін – көлікке. Ол тасымалдау кезінде өнімге ешбір зақым келтірмеу үшін жасалады.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар