- Басты
- Жаңалықтар
- Шалғай елді-мекендердің тұрғындары әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша медициналық көмекті тегін алады
Шалғай елді-мекендердің тұрғындары әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша медициналық көмекті тегін алады
Шара барысында шалғайдағы елді-мекендерге құрамында терапевтер, кардиологтар, эндокринологтар, онкологтар мен салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің мамандары бар медициналық жұмылдыру топтарын жіберу ұйымдастырылады. Ауыл тұрғындары әлеуметтік мәні бар аурулардың алдын алу туралы кеңес алып, тегін тексеруден өте алады.
“Аталған акцияның мақсаты – қоғам мен мемлекеттік органдардың назарын ауыл тұрғындарының денсаулығын қорғау мен сақтау сонымен қатар, әлеуметтік мәні бар аурулардың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелеріне аудару, әртүрлі аурулардың профилактикасы бойынша ауыл тұрғындарына ақпараттық-ағартушылық және консультативті-диагностикалық көмек көрсету, қауіпті мінез-құлық факторларының таралуын төмендету болып табылады”, - делінген хабарламада.
Жұқпалы емес аурулардан (жүрек-қантамырлары, онкологиялық аурулар, тыныс алу мүшелерінің созылмалы патологиясы, қант диабеті және т.б.) темекі шегу, тамақтанудың дұрыс емес тәртібі, физикалық жүктеменің жеткілікті деңгейде болмауы (гиподинамия), ішімдік ішу сияқты жалпы факторлар, сонымен қатар, ерте диагностикалау мен емдеу шаралары арқылы айтарлықтай дәрежеде арылуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, «Денсаулық жолы» кең көлемді акциясы жыл сайын шалғайдағы ауыл тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсету мақсатында өткізіліп тұрады.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды