• Басты
  • Жаңалықтар
  • ИИДМБ аясында өңдеу саласында 72 мың жұмыс орнының құрылуымен 360 жобаны жүзеге асыру көзделген

ИИДМБ аясында өңдеу саласында 72 мың жұмыс орнының құрылуымен 360 жобаны жүзеге асыру көзделген

1 Шілде, 2016 12:28
Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында өңдеу саласында 72 мың жұмыс орнының құрылуымен 360 жобаны жүзеге асыру көзделген, деді Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек 2016 жылдың бірінші жартысындағы индустрияландыру бағдарламасының қорытындысына арналған отырыста.

«Автомобиль жасау саласында 2025 жылға қарай 200 мың дана көлік шығаруға жету көзделген, жақын арадағы 3-4 жылда 50 пайыз локализация жасап, Ресей мен Орталық Азияға экспорт шығару алға қойылды», - деді министр.

Ведомство басшысы айтып өткендей, бағдарлама аясында  өңдеу  саласында 72 мың жұмыс орнының құрылуымен 360 жобаны жүзеге асыру көзделген.

Өз кезегінде, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өңдеу саласындағы көрсеткішке қызығушылық танытты.

«Тауарларды өңдеу үлесі  өткен жылы 30 пайыз болыпты, бұл шындық па? Экспорт көлемі 14 млрд теңге, еңбек өнімділігі өңдеу секторында 40 пайызға жеткен, ал жалпы қанша?», - деді Елбасы министрге.

«Жалпы, ақшалай айтатын болсақ, 43 мың доллар, орташа ЭЫДҰ бойынша 83 мың долларды құрап отыр», - деді министр.

Ж.Қасымбектің айтуынша, индустрияландыру – елді әртараптандырудың шағын бөлігі, ол оның қозғаушы күшіне айналды.

«Өңдеу өнеркәсібінің жан-жағында өнімдік қызмет шоғырланады. Ал өңделген тауарларды экспорттау экономикаға тұрақтылық пен шикізатқа деген бағадан кетуге мүмкіндік береді», - деді ИДМ басшысы.

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар