ҚР-да агроөндірістік кешен басты назарға алынады – Елбасы

1 Шілде, 2016 12:11
2016 жылдың бірінші жартысындағы индустрияландыру бағдарламасының қорытындысына арналған отырыста Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда агроөндірістік кешенге басты назарға алынатындығын айтты.

«Аграрлық кешеннің нәтижесі қуантарлық, ол барлығын адам үшін өндіреді, бірақ әлі көлемге шыға алмай отырмыз. Бұл уақыттың еншісінде. Сондықтан біз аграрлық кешенге аса назар аударамыз, «Қазақстанда жасалған» өнімі таза органикалық болуы керек. Қазақстан таза органикалық өнім шығарады, онда химия жоқ. Біз бұл туралы барлық әлемге паш етуіміз керек», - деді Н.Назарбаев.

Елбасы айтып өткендей, бұл саладағы тауар тізімі жыл санап өсуде.

 

 

Барлық жаңалықтар