• Басты
  • Жаңалықтар
  • Польшаның Сенат төрағасы Қазақстанды БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүше болып сайланғанымен құттықтады

Польшаның Сенат төрағасы Қазақстанды БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүше болып сайланғанымен құттықтады

1 Шілде, 2016 16:17
Қазақстанның Польшадағы Елшісі Алтай Әбибуллаевтың Польша Сенатының маршалы Станислав Карчевскиймен кездесуі өтті. Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастардың өзекті мәселелері, сондай-ақ парламентаралық сұхбатты нығайтудың келешегі сөз болды, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Елшісі елдеріміздің тиісті құқықтық базасын қамтамасыз ететін екі ел парламентшілерінің ынтымақтастығын нығайтудың маңыздылығын атап өтіп, сұхбаттасушысын Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саясаты мен екіжақты ынтымақтастықтың келешегімен, сондай-ақ Мемлекет басшысының жаһандық және өңірлік бастамаларымен таныстырды. Елші Сенат төрағасын 28-29 тамызда Астанада өтетін «Ядролық қарусыз әлем құру» халықаралық конференциясына шақырды.

Өз кезегінде, С. Карчевский осы жылдың мамыр айында өткен Қазақстанға ресми сапары барысында жылы қабылдауы үшін шын жүректен ел басшылығына алғысын білдірді. Поляк спикері ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен жеке кездесуіден алған әсерлерімен бөлісіп, тағы да өз сапарының жемісті ұйымдастырғаны үшін Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-ЖомартТоқаевқа ризашылығын білдірді.

Спикер Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды оң бағалап, екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың әлеуетін тілге тиек етіп, ол Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайту жолында өз жұмысын жалғастыруға ниетті екенін атап өтті.

С. Карчевский кездесу соңында Қазақстан Президентін және барлық қазақстандықтарды 2017-2018 жж. БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына сайланғанымен құттықтап,  Қазақстан ЕАЭО кеңістігінде Польшаның маңызды әріптесі болып табылатынын атап өтті, екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың барлық салалары бойынша одан әрі ынтымақтастықты нығайтуға ерекше қызығушылық білдіретініне назар аударды.

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар