- Басты
- Жаңалықтар
- «EXPO Milano 2015» қазақстандық павильонның милионныншы қонағына естелік сыйлықтар берілді
«EXPO Milano 2015» қазақстандық павильонның милионныншы қонағына естелік сыйлықтар берілді
«Өздеріңізге тарту етілген тур аясында Сіздер Қазақстанның бірнеше өңірлерін аралап қайттыңыздар. Бұл саяхат сіздерге барынша жэағымды сезімдер сыйлағанына сенімдімін. Алдағы ЭКСПО көрмесі де есте қаларлықтай болады деген үміттемін»,- деді Ербол Шорманов.
Айта кету керек, 2015 жылдың 1 мамыры мен 31 қазаны аралығында Милан қаласында бүкіләлемдік «ЕХРО-2017» көрмесі өткен болатын. Көрме келушілерінің еркін дауыс беруі нәтижесінде қазақстан Республикасының Ұлттық павильоны «Тақырыпты ашу мен контент бойынша» үздік үштіктің қатарынан табылды.
Даниел Берго, қазақстандық павильонның милионныншы қонағы ретінде екі кісілік Қазақстанға саяхаттау мүмкіндігіне ие болған еді. Ол Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау қалаларында көре алды. Аталған қалаларға тур отандық тур операторлар – Көрменің серіктестері арқылы жүзеге асырылды. Сондай-ақ, елімізге келіп-кету әуе билеттерін «ЭКСПО-2017» көрмесінің ресми әуе тасымалдаушысі – «Эйр Астана» АҚ ұсынды.
Даниеле Берго жұбайы Марией Кристиной Галлимен бірге әрі қаражаттарына Қазақстанмен танысқысы келген тағы екі досымен елімізді аралап шықты.
«Біз алғаш рет Қазақстанға келіп отырмыз. Оның табиғатының сұлулығы мен даласының ұлылығына таң қалдық. Әсіресе, қазақстандықтардың қонақжайлылығы ұнады. Біздің саяхатымыз жоғары деңгейде ұйымдастырылған.
ЭКСПО-2017 көрмесіне билет біз үшін тосын сыйлық болды. Біз міндетті түрде Астанадағы көрмеге келетін боламыз», - деп ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді Даниеле Берго.
-
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
CFA Institute ® алғаш рет қазақстандық университеттің бағдарламаларын мойындады -
Халық санағында қазақстандықтар қандай сұрақтарға жауап береді