• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қарағанды облысындағы «Агроқалашық» жобасын польшалық кәсіпкерлер 100 млн долларға жуық қаржымен инвестицияламақ

Қарағанды облысындағы «Агроқалашық» жобасын польшалық кәсіпкерлер 100 млн долларға жуық қаржымен инвестицияламақ

1 Шілде, 2016 15:21
Қарағанды облысының әкімдігі, Польша-Қазақстан Сауда-өнеркәсіп палатасы мен Шығыс Ынтымақтастық Жалпыпольшалық Шаруашылық Палата Комитеті «Агроқалашық» Инвестициялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі Меморандумға қол қойды.

Соңғы уақыттарда қазақстандық экономикаға шетелдік инвестициялар кең ауқымда тартылып жатыр. Инвестиция тартудағы басым бағыттардың бірі АӨК салаларын дамыту болып табылады, деп хабарлады аймақ әкімдігі.

Қазақстандағы «Агроқалашық» құрылысы туралы ақпарат алғаш рет 2016 жылы Варшавада өткен Қазақстан-Польша үкіметаралық комиссиясының отырысындағы қортынды хаттамада белгілі болған еді.

Жобаның мақсаты жергілікті ауыл шаруашылығын дамыту, сақтау, терең өңдеу, сонымен қатар, польшалық инвесторлар мен технологияны тарту болып табылады.

«Келісім бойынша, бірінші кезеңдегі кешенді бағдарламаны дамытуда көкөніс пен жеміс өсіретін жылыжай құрылысын жүргізу, өңдеу өндірісі және қойма мен тоңазытқыштарды реттеп алу. Алдын ала бағалау бойынша жобаның бұл кезеңіне100 млн. АҚШ доллары кетеді»,-делінген хабарламада. 

Барлық жаңалықтар