- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев Астанадағы телекөпір барысында индустрияландырудың негізгі жобаларын іске қосады
Н.Назарбаев Астанадағы телекөпір барысында индустрияландырудың негізгі жобаларын іске қосады
Телекөпір режимінде Индустриалды - инновациялық даму бағдарламасының 8 жаңа өндіріс іске қосылады.
1.Теміржол білігі мен жұп дөңгелек шығаратын зауыт (Павлодар облысы).
Зауыт жылына 20 мыңға дейін жұп дөңгелек және 42 мың теміржол білігін шығаруды жоспарлап отыр.
2. «GreenhouseKZ» ЖШС – голландтық раушандар өсіретін жылыжай кешені (Павлодар облысы).
Жылына 10 млн дана раушан өсіру жоспарлануда. 70 адам жұмыспен қамтылады.
3. «ЭФКО Алматы» ЖШС май өнімдерін шығару кешені.
Кәсіпорынның жобалық қуаттылығы – жылына 120 тонна өнім. Мұнда 750 адам тұрақты жұмысқа орналаспақ.
4. «Ipek Kagit Central Asia» ЖШС.
Астанада санитарлы-гигиеналық және тұрмысқа қажет қағаз өнімдерін өндіру зауыты жылына 16400 тонна өнім шығарады. Кәсіпорында 53 адам жұмыспен қамтылады.
5.«Петропавл трактор зауыты» ЖШС.
«К-704-4р Батыр» отандық тракторларды өндіру зауытының қуаттылығы – жылына 100 дана техника. 48 жұмыс орнын ашу жоспарланған.
6. «Lotus Food Company LLC» ЖШС.
ОҚО Қазығұрт ауданы Майлыошақ ауылындағы жылдам пісетін тағам өндіру зауыты 48 адамды жұмысқа орналастырды.
7. «Kazakhstan Pipe Traders» ЖШС (мұнай құбырларын өндіру зауыты). Маңғыстау облысы.
8. «Конденсат» АҚ (мотор майлары өндірісі). Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласы.
Кәсіпорын 400 адамды жұмыспен қамтиды.
Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, индустрияландыру шеңберінде 175 млрд теңге болатын 30 жоба пайдалануға беріледі, шамамен 4 мың жұмыс орны ашылады.
Айта кетейік, шарада индустрияландыру бағдарламасы арқылы пайда болған отандық өнімдердің көрмесі өтеді.
Ботагөз Айтжанова
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
ЕАЭО дамуының негізгі бағыттары -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Қазақстандағы миграцияның негізгі тенденциялары -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Қазақстанда қысқа мерзімді онлайн курстардың бірыңғай порталы іске қосылды -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
Қоршаған ортаны қорғау: Заңдағы өзгерістер, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының іске асырылуы