- Басты
- Жаңалықтар
- Елордада муниципалды экскурсиялық автобустар жүреді
Елордада муниципалды экскурсиялық автобустар жүреді
2014 жылы елордада жеке меншікті компания осы сияқты автобустарды пайдаланған болатын. Бүгінде жобаны «Астана Конвеншн бюро» ЖШС жеке меншікті инвестор «Sightseeing tours» ЖШС есебінен жүзеге асыруда, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Экскурсиялық автобус елорданың көптеген көрікті жерлерінің жанынан өтеді, және қозғалыс барысында мына аялдамаларға тоқтайды:
- «Думан» ОО,
- «Хан Шатыр» СОО,
- «Қазақ Елі» монументі жанындағы алаң,
- «Астана Бәйтерек»монументі.
Сонымен қатар, Есіл өзенінің оң жағалауын да қамтып, маршрутты ұзарту көзделген, онда келесі аялдамалар болады:
- Астана Парк – Тұран даңғылындағы орталық кіреберіс;
- Есіл өзенінің жағалауы, жаяу жүргіншілер көпірінің жанында;
- Абай даңғылы, Орталық алаң;
- Республика даңғылы Иманов көшесінің бұрышы;
- ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейі.
Есіл өзеніндегі маршруттың ұзындығы – 80–100 минут, автобустардың интервалы 30–40 минут, жұмыс уақыты – сағат 10:00-20:00. Билеттерді алдын ала өтінім беру арқылы және автобустың ішінде сатып алуға болады. Егер экскурсияға қатысқыңыз келсе мына телефон бойынша хабарласуға болады: 8-777- 222-28-38.
Билеттің құны санатқа (балалар,ересектер,зейнеткерлер, студенттер, ерекше қажеттіліктері бар тұлғалар) байланысты әртүрлі болады.
Мұнымен қоса, «Hop-on/Hop-off» билет жүйесі қарастырылған, яғни, жолаушы кез келген сәтте автобустан түсіп, музей немесе көрікті жерлерді аралайды, содан кейін кез келген арнайы аялдама кешенінен экскурсиялық автобусқа қайта отыра алады.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
Елордада КВИ жұқтырғандар саны 2,4 есе артқан