Қазақстан елшісі Сингапур Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

1 Шілде, 2016 10:47
2016 жылдың 30 маусымында Сингапурдегі «Истина» президенттік сарайында Қазақстанның Сингапурдегі Төтенше және Өкілетті елшісі Үсен Сүлеймен Сингапур Президенті Тони Тан Кенг Ямаға сенім грамоталарын тапсырды.

Қазақстан елшісі Сингапур Қазақстан үшін «алдымен– экономика, содан соң –саясат» қағидасының сәтті іске асырылуының көрнекті үлгісі ретінде саналатынын атап өтті. Ол екі ел арасындағы жылы және тығыз ынтымақтастықтың іргетасы Н. Назарбаев пен Сингапурдың құрушысы әрі бірінші премьер-министрі Ли Куан Ю арасындағы достығы арқылы құрылғанына ерекше көңіл аударды .

Сондай-ақ, елші «Астана» халықаралық қаржы орталығының құрылуы және инфрақұрылым мен туризм салалары шеңберінде екі елдің үкіметтік, қаржы және бизнес құрылымдары арасындағы ынтымақтастықтың ұлғаюының келешегіне,  2018 жылға жоспарланған екі ел арасындағы тікелей әуе байланысының ашылуы өзара іс-қимыл деңгейін одан әрі сөзсіз нығайтатынына өз назарын аударды.

Елші Сүлеймен екі елдің іскерлік топтары арасындағы оң динамикасын қолдау үшін бизнес-форумын ұйымдастыру бойынша жоспары туралы, «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен «Нұрлы жол» стратегиялық бағдарламаларымен, «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен инвестициалық климат және туризм әлеуеті туралы баяндады. Тони Тан Кенг Ям аталған іс-шараны ұйымдастыру бастамасын қолдап, сингапурлық Temasek холдингі, Сингапурдың бизнес федерациясы және Сингапурдың сыртқы экономикалық агенттігі секілді ірі бизнес құрылымдары аталған іс-шараға дайындық пен өткізу жұмыстарына белсенді ат салысатынына сендірді.

Қазақстандық дипломат аралдық мемлекет Үкіметінің «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысу бойынша оң шешімі үшін алғысын білдіріп, сингапур энергия үнемдеуші және «жасыл» технологиялар өңдеу саласындағы жетекші компаниялар, халықаралық трендке және саладағы болашақ дамуына, оған қоса, «жасыл»экономикаға көшу бойынша қазақстандық бастамаларына зор үлесін қосатындығына үміт білдірді.

Тони Тан Кенг Ям Астанада ЭКСПО көрмесінің өткізілуін «тамаша іс-шара» ретінде бағалап, көрмеде Сингапур озық компаниялармен ұсынылатынын сендірді.

Кездесу соңында Тони Тан Кенг Ям Қазақстан Президенті Н. Назарбаевқа денсаулық пен табыстар жолдап, сондай-ақ, елші Ү. Сүлейменге Сингапурда жемісті дипломатиялық миссияны тіледі.

Барлық жаңалықтар