• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан 25 жыл ішінде табысты, тұрақты және беделді мемлекетке айналды - ШЫҰ Бас хатшысы

Қазақстан 25 жыл ішінде табысты, тұрақты және беделді мемлекетке айналды - ШЫҰ Бас хатшысы

1 Шілде, 2016 09:54
Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінде «Қазақстан: бейбітшілік, қауіпсіздік және даму жолдарындағы 25 жыл» тақырыпта «дөңгелек үстел» өтті.

ҚР СІМ хабарлағандай, шараға  ҚХР-дың қауіпсіздік және терроризмге қарсы жөніндегі Мемлекеттік комиссары, ШЫҰ Бас хатшысы, Түрікменстан, Қырғызстан, Молдова және Тәжікстан елшілері, Ресей, Беларусь, Грузия, Армения, Әзербайжан, Украина елшіліктерінің аға дипломаттары, сондай-ақ ҚХР СІМ өкілдері, танымал саясаткерлер, ғалымдар және Қытайдың «алғырлар орталығы» жетекші сарапшылары қатысты.

Аталған іс-шараны ҚР-дың ҚХР-дағы Елшісі Ш. Нұрышев 2016 ж. 28 маусымда Нью-Йорктағы БҰҰ Бас Ассамблеясында болған дауыс беру нәтижесі мен Қазақстанның 2017-2018 жж. Азия-Тынық мұхит тобындағы мемлекеттерден БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануы туралы мәлімдемесімен ашты.

«Дөңгелек үстелдің» үстінде Қазақстан Президентінің «Әлем. XXI ғасыр» манифесінің, еліміздің негізгі сыртқы саясаттық бастамаларының, соның ішінде ҚР Президентінің БҰҰ БА-ның 70-сессиясында ұсынылған бастамаларын,бейбітшілікті, қауіпсіздікті және дамуды қамтамасыз етуге Қазақстанның қосқан үлесінің талықылауы өтті.

«Дөңгелек үстелдің» қатысушылары Қазақстанның 2017-2018 жж. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болып сайлануы – ҚР Президенті Н. Назарбаевтың  ядросыз әлем құруға, жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті нығайтуға, мәдениет пен өркениеттегі сындарлы сұхбат орнатуға, дінаралық және ұлтаралық келісімді сақтауға, сондай-ақ елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының бірізділігін қамтамасыз етуге бағытталған күш-жігерін дүниежүзілік қауымдастықтың алғысына ие болуын ерекше атап өтті.

 «Нұрсұлтан Назарбаев уақыт ағымына және халықаралық қатынастың қазіргі заманғы жағдайына қағидаттық жауап беретін Қазақстанның ішкі әрі сыртқы саясаты мәселелерінің амалдарын тұжырымдамалық негіздеді және іс жүзінде іске асырды. Қазақстан өзінің тәуелсіздігінің 25 жылында салыстырмалы жоспарлау, ұзақ мерзімді даму мен экономикалық өсім саясатымен және нақты ретке келтірілген сыртқы саяси басымдылықтармен табысты, тұрақты және беделді мемлекет болып отыр», ­ – деп атап өтті  ШЫҰ Бас хатшысы Рашид Алимов.

ҚХР СІМ Еуропа және Орталық Азия департаменті директорының орынбасары Лю Бинь қытай тарапынан ҚР-дың БҰҰ Қәуіпсіздік Кеңесіне мүше болып сайлануымен құттықтады және Қазақстанның Ұйымның жарлығымен жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау бойынша міндеттер жүктелген БҰҰ-ның маңызды саяси органының құрамына сайланған Орталық Азия мемлекеттерінің алғашқысы болып отырғанын атап өтті.

«Дөңгелек үстелге» қатысушылар еркін пікір-талас барысында кең спектрлі тақырыптарды талқылады. Олар Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселесін, БҰҰ, ШЫҰ, ЕАЭО және АӨСШК шеңберіндегі Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығын дамытудың түрлі аспектілерін қамтыды. Осыған қоса, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және т.б. салалардағы екіжақты әрекеттестікті одан әрі ілгерілету бойынша ұсыныстар айтылды.

Сондай-ақ, Ш. Нұрышев «дөңгелек үстелге» қатысушыларды  28-29 тамызда Астанада өткізілуі жоспарланған «Ядролық қарусыз әлем құру» халықаралық конференцияға қатысуға шақырды. Кездесулер соңында ҚР СІМ әзірлеген «Қазақстан –Ұлы Дала елі» санды қосымшасымен таныстырылуы өткізілді. 

Барлық жаңалықтар