• Басты
  • Жаңалықтар
  • БҰҰ ҚК мүше болу әлемдік деңгейде Қазақстанның бастамаларын ілгерілету үшін бірегей мүмкіндік ашады – «Жасыл Ел»

БҰҰ ҚК мүше болу әлемдік деңгейде Қазақстанның бастамаларын ілгерілету үшін бірегей мүмкіндік ашады – «Жасыл Ел»

1 Шілде, 2016 09:38
«Жасыл ел» жастар еңбек жасағы республикалық штабы Мемлекет басшысын, барлық қазақстандықтарды Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайлануымен құттықтады.

Біз еліміздің осындай жетістікке жеткеніне куәгер болғанымызға қуаныштымыз.

Қазақстан әрдайым ядролық қаруды таратпау және ядролық қарусыздану саласындағы бағдарламаларға белсенді қатысып отырды.

Қазақстан Президентінің бастамасымен 29 тамыз - БҰҰ-ның ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күні деп жарияланды.

Бүгін біздің еліміз халықаралық бастамаларды ілгерілетудің көшбасшысына айналды және ол жаһандық антиядролық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған.

Біздің ойымызша, 2017-2018 жж. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне сайлануы біздің елімізге әлемдік деңгейде Қазақстанның бастамаларын ілгерілету үшін бірегей мүмкіндік ашады.

Барлық жаңалықтар