• Басты
  • 2013 жылы ҚР-да ана өлімі 3 есеге азайды – С.Қайырбекова
27 Қараша, 2013 14:14

2013 жылы ҚР-да ана өлімі 3 есеге азайды – С.Қайырбекова

Биыл Қазақстанда ана өлімі үш есеге дейін азайды, деп мәлімдеді ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде.

2013 жылы ҚР-да ана өлімі 3 есеге азайды – С.Қайырбекова | Strategy2050.kz

«Денсаулық сақтау жүйесінде медициналық ұйымдар тәулігіне 2 мың  ота  жасайды. Өз кезегінде олар жоғарғы технологиялы операциялар. Ал жедел жәрдем қызметі тәулігіне 18 мың шақыруға қызмет көрсетеді. Шамамен біз күн сайын 7,5 мың азаматты еліміздің стационарларында емдеймсіз», - дейді С.Қайырбекова.

Бас дәрігердің айтуынша, денсаулық сақтау саласында соңғы уақытта оң нәтижелер байқалып келеді.

«Біз ана өлімін үш есеге дейін төмендетіп, нәресте өлімін 25 пайызға дейін азайттық. Сонымен қатар қан айналымы аурулары бойынша өлім құшу жағдайлары азайған. Онкология аурулары бойынша да көңіл қуантарлық нәтижеге қол жеткізіп отырмыз. Мұның барлығы азаматтардың өмір сүру деңгейінің өскенін көрсетеді», - деді министр.

Бұдан бөлек шалғай ауылдарға медициналық көмек көрсететін транспорттық медицина қызметінің де етек алып келе жатқанына тоқтала кетті министр ханым.

«Транспортты медицинаға келер болсақ, қызметтің бұл түріне аз уақыттың ішінде 530 мың азамат қаралып, 1 млн зерттеу жұмыстары жүргізілді. Ал санитарлық әуе қызметі 2 мың рет ұшырылды. ҚТЖ мен Төтенше жағдайлар министрлігімен бірігіп үш поезды денсаулық сақтау саласына арнадық», - деп түйіндеді бас дәрігер.

Оның айтуынша, медицинаға жоғарпғы технологияларды енгізу аталмыш қызметтің сапасын жақсартпай қоймайды.

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды