- Басты
- Жаңалықтар
- СҚО-ның 14 жергілікті елді мекенінің сумен қамтамасыз ету деңгейi жақсартылды
СҚО-ның 14 жергілікті елді мекенінің сумен қамтамасыз ету деңгейi жақсартылды
Бiрiншi мәселе бойынша СҚО энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының мiндетiн атқарушы Тасмұрат Қатқадамов баяндады.
Ол 2015 жылдың қорытындысы бойынша 2,2 мың тұрғыны бар 3 елдi мекен ауыз сумен қамтамасыз етiлгенiн атап өттi. Елдi мекендердi орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету 55,8%-ды құрады.
«2016 жылы сумен қамтамасыз етуге бөлiнген барлық қаржат мөлшерiн ескере отырып 4,3 млрд. теңгеге 5 елдi мекен сумен қамтамасыз етiлдi, облыстың 14 елдi мекенiн сумен қамтамасыз ету деңгейi жақсартылды», — дедi Тасмұрат Оқанұлы.
Облыс әкiмi аудан әкiмдерiне құбыр желiсiн жақсартуды тапсырды. Бұл елдi мекендердi сумен қамтамасыз етудi барынша төмен бағамен ұйымдастыруға мүмкiндiк бередi.
«Сiздерде таратушы желi бар. Оларды ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша ретке келтiруге болады. Тамыз айында ЖСҚ дайын болуы қажет», — дедi Ерiк Хамзаұлы.
Екiншi мәселе бойынша «СҚО адамгершiлiк-жыныстық тәрбие мен кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктiлiктi адын алу шаралары туралы» бiлiм беру басқармасының басшысының орынбасары Күлпаш Қалғожина және денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары Рашида Иванова баяндады. Олар басқармаларда осы бағыт бойынша жүргiзiлiп жатқан жұмыстар жөнiнде баяндады.
Рашида Иванова жасөспiрiмдердiң репродуктивтi денсаулығын жақсартуды қамтамасыз ету шараларының қатарында кәмелет жасына толмағандарға жыныстық қатынас, репродуктивтi денсаулық, ерте неке туралы нақты ақпарат берiп, контрацепция және жасөспiрiмдер жүктiлiгiн алдын алу бойынша ведомствоаралық бiрлескен жұмыстар аталғанын айтты.
Жергiлiктi полиция басшысы Қанат Айтбаев өз кезегiнде бiлiм беру және денсаулық сақтау басқармаларымен бiрлесiп мектеп психологтары мен әлеуметтiк педагогтарға жыныстық қатынасқа тартылған оқушылар үшiн арнайы әдiстемелiк жасауды, педагогтардың психоэмоционалдық тұрақтылығы мен педофилдiлiкке икемдiлiгiн тексеру үшiн тестiлеу жүргiзудi ұсынды.
Өңiр басшысы жергiлiктi полиция басшысының ұсынысын қолдап, екi ай iшiнде басқа да ұсыныстар берудi тапсырды.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері -
15,7 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек