«KazSat» ғарыш спутнигі мемлекетке 3 млрд. теңгеден астам кіріс кіргізді

1 Шілде, 2016 08:43
2015 жылы «KazSat» ұлттық спутнигі жүйесінің жұмысы есебінен 3 млрд. теңгеден астам кіріс кірді.

«KazSat» ғарыш спутнигін пайдалануға беру ғарыш қызметімен байланысты елдегі ішкі қажеттіліктерді толық атқаруға мүмкіндік берді.

«2015 жылы «KazSat-2» спутнигі арқылы 2 млрд. 400 млн. теңге кіріс алынса,  «KazSat-3» спутнигі 883 млн. теңгеден астам пайда әкелді»,-деп хабарлады Қазғарыштың баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 2014 жылы Қазғарыштың «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ – Қазақстан Республикасының ұлттық спутниктік байланыс операторы «KazSat-3» коммерциялық ғарыш аппаратынын пайдалануға шығарған болатын. Бұл тарихи оқиға ұлттық телерадиотарату жүйесін отандық спутникке ауыстыруға мүмкіндік берді.  

Бүгін 13 қазақстандық кәсіпорын «KazSat» КА сериясы қызметін жалдық негізде пайдаланып отыр. Олардың қатарына Қазақстанның ірі телекоммуникациялық операторлары, ұлттық компаниялар, күш құрылымдары, мемлекеттік органдар мен қазақстандық жеке компаниялар бар.

Қазақстанның ғарыштық саласын құру аясында «KazSat» Ұлттық ғарыштық байланыс және хабар тарату жүйесін құруды аяқтауға мүмкіндік туды. «KazSat-2» спутнигінің қызметін жалға беру есебінен жалпы сомасы 5 млрд. теңге импорт алмастыру өндірілген. 

Барлық жаңалықтар