- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҚК Құрлық әскерлерінде әскери техника мен қару-жарақтың тексерілуі ерекше бақылауға алынды
ҚР ҚК Құрлық әскерлерінде әскери техника мен қару-жарақтың тексерілуі ерекше бақылауға алынды
Себебі, күрделі техника күтім жасауды, тиісті түрде баптау мен қызмет көрсетуді қажет етеді. 2016 оқу жылының І жартыжылдығын қорытындылау шеңберінде комиссиямен тексеріс жүргізілді. Аталмыш үдеріс қозғалтқыштарды іске қосу, барлық жүйелердің, тораптардың, агрегаттардың жұмыс қабілеттілігін тексеру арқылы жүзеге асырылды. Сонымен қатар, орындарда қару-жарақ пен әскери техниканың қызмет көрсетілу сапасына, техникалық жай-күйі мен ұсталуына айрықша назар аударылды. Әрбір бөлім рейтингтік жүйеге сәйкес бағаланды. Жалпы алғанда, рейтинг қолда бар техниканың жауынгерлік әзірлігінің жай-күйін, сондай-ақ, сеніп тапсырылған техника мен қару-жарақты бүтін жай-күйінде ұстауда әрбір командирдің, әр механик-жүргізушінің үлесіне баға беруге мүмкіндік береді.
Тексеріс барысында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің құрамалары мен бөлімдері қару-жарақ пен әскери техниканы ұстауға қойылатын Қорғаныс министрлігі басшылығының барлық талаптарын орындайтыны белгілі болды.
Жұмыс қорытындысын жасай отырып, комиссия төрағасы Құрлық әскерлері бас қолбасшысының қару-жарақ жөніндегі орынбасары Асылбек Сатвалдинов жыл сайын қару-жарақ пен әскери техниканың ұсталуы мен кызмет көрсетілу сапасы артып келе жатқанын атап өтті. «Бұл Қорғаныс министрлігімен ұйымдастырылған әскерлерге қосалқы бөліктерді, тораптар мен агрегаттарды ұйымдасқан түрде жеткізу, отандық қорғаныс-өнеркәсібі кешенінің («Қазақстан инжиниринг» АҚ) қолда бар ұрыс машиналарын жаңғыртуға атсалысуы, сондай-ақ, техникалық жай-күйге жауапты жеке құрамның кәсіпқойлығы мен техникалық сауаттылығының артуымен байланысты», - деп ол атап өтті.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері