- Басты
- Жаңалықтар
- ИИДМБ: Жамбыл облысында жобалық құны 3,4 млрд. теңгені құрайтын екі жоба іске асырылды
ИИДМБ: Жамбыл облысында жобалық құны 3,4 млрд. теңгені құрайтын екі жоба іске асырылды
Жарылқасын Айтақовтың айтуынша, соңғы жылдары ауданға инвестициялар тарту бойынша айтарлықтай жұмыстар атқарылуда. 2014 жылы ауданға тартылған инвестиция көлемі 28 млрд. 534 млн. теңгені құраса, 2015 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 34 млрд 659 млн. теңге инвестиция тартылды, немесе 24 пайызға өсім байқалады.
Ал, 2016 жылдың 4 айында 2 млрд. 348 млн.теңге болды (Өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 31,9 % құрады.) Инвестиция көрсеткіштерінің төмендеу себебі : «Азия газ құбыры» ЖШС-ң желілік және Луговой компрессор станциясындағы құрылыс жұмыстарының толық аяқталуымен түсіндіріледі. Атап айтқанда, 2010-2014 жылдары бағдарламаның бірінші бесжылдығында ауданда жалпы құны 4,4 млрд. теңгені құрайтын екі инвестициялық жоба іске асырылған болатын.
«Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жобалық құны 3,4 млрд. теңгені құрайтын екі жоба іске асырылды.
«Бүгінгі таңда аталған бағдарлама аясында 2017 – 2019 жылдары екі жобаны іске асыру үшін инвесторлармен жұмыс жүргізілуде. Жобаларға нақты тоқталатын болсақ. Біріншісі, Электр қуатының баламалы түрін өндіруде үлкен әлемдік тәжірибесі бар белгілі Француздық «Фонрош» компаниясының қазақстандағы «Aguila Solar» ЖШС-нің (А.Момбеков) сағатына 24 МВТ күн сәулесі қуатын өндіру станциясын іске қосу жобасы. Жобаның жалпы құны 9,2 млрд. теңгеге бағаланған”, - деді ол.
Бұл мақсатқа 74 гектар жер телімі бөлініп, бүгінгі күні барлық жобалау құжаттары 100 % дайындалды. Компания басшылығы жоба бойынша құрылыс жұмыстарын 2016 жылдың ІV-тоқсанында бастап, 2017 жылы толық аяқтауды жоспарлап отыр. Станция құрылысы басталғанда 50-60 адам жұмысқа тартылса, жоба толық іске қосылған кезде жаңадан 22 тұрақты жұмыс орнының ашылуы күтілуде. Екіншісі, Жаңатұрмыс ауылдық округі аймағында (жеке кәсіпкер Д.Еркебалановпен) неміс инвестициясы арқылы «Бройлер етін өндіру зауыты кешенінің» жобасы. Кешеннің жобалық қуаттылығы жылына 10 000 тонна ет өндіру болып табылады. Жобалық құны 1 млрд. теңгеге бағаланған.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар