- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Астанада ОА бойынша тауар өңдейтін ең ірі логистикалық орталық салынды (ФОТО)
Н.Назарбаев: Астанада ОА бойынша тауар өңдейтін ең ірі логистикалық орталық салынды (ФОТО)
Мемлекет басшысы орталық жұмысымен танысып, жеңілдетілген кедендік ресімдеу аймағын қарап көрді.
Қазақстан Президенті кәсіпорынның еңбек ұжымы өкілдерімен әңгімелесіп, елдің индустриялық дамуында көлік-логистика қызметтері нарығы маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
«Сыртқы экономикалық қызмет өкілдері бұрын құжаттарын үш тәулікте ресімдейтін, ал мұнда ол жеңілдетілген, 1 сағаттан 3 сағатқа дейін ғана уақыт алады. Біз Астанада тауар өңдеу жөнінен Орталық Азия ғана емес, Кавказ бен Сібірді қоса алғанда ең ірі логистикалық хаб салдық. Ол қазірдің өзінде 70 пайыз жүктемемен жұмыс істеп жатыр. Бұл – біздің индустриялық бағдарламамыз бен инфрақұрылымдық дамуымыздағы ауқымды іс», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Орталық қызметкерлері Мемлекет басшысына осы саланы дамытуға ұдайы көңіл бөліп отыратыны үшін алғыс білдірді.
Жалпы аумағы 46 гектар болатын жаңа «Астана» көлік-логистика орталығы терминалдық өңдеу инфрақұрылымы бар Қазақстандағы «А» санатындағы ірі орталық болып саналады. Кәсіпорын халықаралық және республикалық жүк ағымына қызмет көрсету, сондай-ақ тауарлардың қала мен өңірлерге таратылуы үшін қойма және ілеспе қызметтер ұсыну мақсатымен құрылды.
Орталықтың қойма кешендері қойма шаруашылығын жүргізудің заманауи талаптарына сай келеді және тиеу-түсіру аймағының өткізу қабілетін күніне 1000 паллетке дейінгі арттыруға мүмкіндік беретін жаңа құрылғылармен жабдықталған. Жобаны іске асыру аясында Астана мен Шымкентте логистикалық орталықтар желісін құрудан басқа, Қорғас, Ақтөбе, Алматы және Павлодар қалаларында көлік-логистика кешендерін салу және іске қосу көзделген.
Сурет:Бауыржан Жуасбаев
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды