- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы мен ЖЭС-ті дамытуға қытайлық инвесторлар 450,5 млн доллар бағыттайды (ФОТО)
Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы мен ЖЭС-ті дамытуға қытайлық инвесторлар 450,5 млн доллар бағыттайды (ФОТО)
Оған Цзянси провинциясы Халық үкіметінің Вице-губернаторы Лью Чанглин сондай-ақ, Цзянси провинциясының халықаралық сауда ұйымдарына жәрдемдесу Қытай кеңесінің төрайымы Лью Гуилан қатысты.
Бұдан басқа, Қызылорда облысында инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында өткізіліп отырған форумға Қытай Халық Республикасының 20-дан астам компанияларының басшылары мен өңіріміздің 40-тан астам шағын және орта бизнес өкілдері қатысты.
Форум қорытындысы бойынша Қызылорда облысының әкімдігі мен Қытай Халық Республикасының Цзянси провинциясы 450,5 млн. АҚШ долларын құрайтын бірнеше жобаны жүзеге асыру үшін 13 меморандумға қол қойылды. Олар: жылдық қуаттылығы 750,0 мың тонна болатын Цемент зауытының құрылысы, қуаттылығы 24,94 МВт-тық және 75 МВт-ты құрайтын Жел-күн электр станциясы, Силикат кірпіш шығаратын зауыт, Қызылорда қаласының сол жақ жағалау бөлігінде жаңа ауданды жоспарлау, 50 мың бас қойды бордақылауға арналған алаң мен қуаттылығы жылына 7000 тонна болатын ет комбинатын, жылыжайлар мен май өндірісі, көкөніс қоймаларын салу жобалары.
Сонымен қатар, Қызылорда облысының Кәсіпкерлер Палатасы және Цзянси провинциясының халықаралық сауда ұйымдарына жәрдемдесу Қытай кеңесінің арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Цзянси провинциясының делегациясы Қызылорда облысына сапары аясында "Агроөнеркәсіптік кешен", "Жан-Арай" ЖШС-нің жұмысымен танысып, Сыр өңірінің көрікті жерлерін аралады. Сондай-ақ, Қытай делегациясы жергілікті кәсіпкерлермен кездесіп, В2В форматында кездесу өткізді.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады