- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Нығматулин: Н.Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» Манифесі барлық халықаралық алаңда қызықты
Н.Нығматулин: Н.Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» Манифесі барлық халықаралық алаңда қызықты
«Алтыншы шақырылымның бірінші сессиясын қортындылай келе, Парламент депутаттарының атқарға ауқымды жұмыстарын атап өткен жөн. Парламентаралық ынтымақтастық, парламенттік дипломатияны дамыту мен Қазақстанның халықаралық бастамаларына қозғау салу бойынша Парламент депутаттарының еңбегі орасан. Депутаттар қатысқан барлық халықаралық форумдарда аудиторияның қызығушылығы біздің елдің Президенті Н.А.Назарбаевтың Вашингтондағы БҰҰ Саммитінде көтерген бастамасы «Әлем. ХХІ ғасыр» Манифесіне байланысты болды»,-деп хабарлады Н.Нығматулин.
Мәжіліс төрағасы атап өткендей, Бұл бағдарламалық құжатқа лемдік қоғамдастықтың қызығушылығы тікелей Қазақстанның жаһандық ядролық қаруға қарсы қозғалысы тұрғысынан көшбасшылығына байланысты.
«Еліміздің абыройы мен әлемдік қоғамдастықтағы біздің елдің рөлінің тағы бір дәлелі айқындалды. Бұл бағдарламалық құжатқа лемдік қоғамдастықтың қызығушылығы тікелей Қазақстанның жаһандық ядролық қаруға қарсы қозғалысы тұрғысынан көшбасшылығына байланысты. Соның дәлелі ретінде Қазақстан Біріккен ұлттар ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды. Бұл ақиқатында тарихи масштабтағы оқиға. Қазақстан Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басқаруымен 25 жылда ықпалды халықаралық ұйымның қатарына ғана қосылған ел ретінде емес, оның жоғары басқарушы органындағы жұмыстарға қатыса алатын дәрежедегі мемлекетке жетті. Қазақстанды БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелігіне сайлау туралы шешім Мемлекет басшысының ядролық қарусыздандыру саясаты, мәдениеттер мен өркениеттер диалогын қамтамасыз ету, әлем халықтары мен елдері арасында сенімді нығайту тұрғысынан әлемдік масштабтағы Көшбасшы екенін мойындаудың белгісі»,-деп мәлімдеді Мәжіліс төрағасы бірлескен отырыста.
Бұл Парламент палата депутаттарының 12 парламентаралық ұйымдар мен әлем елдерінің 80 астам парламенттерімен ынтымақтастығын жақсартуда қолайлы жағдай туғызады.
«Өткен сессияда қазақстандық парламетарилер ТМД қатысушы-мемелекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының шараларына, түркі тілдес мемлекеттердің Парлдаменттік Ассамблеясына, Жапониядағы жаһандық конференцияға және тағы басқа да маңызды халықаралық конференцияларға қатысты»,-деп атап өтті Н.Нығматулин.
Ботагөз Айтжанова
-
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Сарапшы пікірі: "Газ бағасының өсуі - барлық шығынды есепке алғанда түк емес" -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды -
Қазақстандық әнші халықаралық «Яңы моң» музыкалық жобасында бақ сынауда -
Шектеу шаралары: Елордадағы Мемлекеттік академиялық филармония қалай жұмыс істеп жатыр
-
Ұлттық жоспар - 2025 және халықаралық тәжірибе -
Шағын және орта бизнес: халықаралық және ішкі ахуал -
22 халықаралық IT-компания Astana Hub қатысушысы атанды -
Сайлау науқанында барлық партияның дайындығы мен белсенділігі көрінді. Сарапшылар пікірі