• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада Н.Нығматулиннің төрағалығымен Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр

Астанада Н.Нығматулиннің төрағалығымен Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр

30 Маусым, 2016 10:08
Астанада Мәжіліс Спикері Н.Нығматулиннің төрағалығымен Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр.

Күн тәртібінде VI шақырылым депутаттарының жұмыс қорытындысы талқыланады.

Н.Нығматулин атап өткендей, бірінші сессияда  палаталардың бірлескен 3 отырысы өткізілді, Мәжіліс 12 жалпы отырыс өткізсе, Сенат 6 жалпы отырысты тәмамдады. Парламентте қарауда 42 заң жобасы болды, оның 18-і алдындағы шақырылымнан қалған болатын, 24-сессия барысында келіп түсті. Жеті заң жобасының бастамашылары депутаттар болды.

Сессия соңында Мәжіліспен мақұлданып Сенатқа 13 заң жіберілді.

 

Барлық жаңалықтар