- Басты
- Жаңалықтар
- БҰҰ ҚК құрамында Қазақстанның міндеті терроризмге қарсы іс-қимылда күштерді шоғырландыру болады - ҚР-дың дінтанушылар конгресі
БҰҰ ҚК құрамында Қазақстанның міндеті терроризмге қарсы іс-қимылда күштерді шоғырландыру болады - ҚР-дың дінтанушылар конгресі
«2016 жылғы 28 маусымда біз үшін шын мәнінде тарихи оқиға орын алды - Қазақстан Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің атынан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды.
Бұл ерекше оқиғаның Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойын мерекелеуге тұспа-тұс келгені қуантарлық жәйт.
БҰҰ қызметінің тарихында біздің ел аса маңызды органның құрамына енген Орталық Азия өңірінің алғашқы мемлекеті болып табылады.
Бүгінде Қазақстан жасампаз бастамаларымен әлем таныған, экономикасы серпінді дамыған, көпұлтты қоғамы бар, өзара түсіністік және өзара құрмет негізінде жұдырықтай жұмылған елге айналды.
Сонымен қатар әлемнің бірқатар елдеріндегі заманауи сын-қатерлер мен тұрақсыздық мемлекет тарапынан негізі өзара ынтымақтастық, құрмет, толеранттылық, өзара түсіністік қағидаттарын құрауы тиіс қауіпсіздік пен дамудың жаңа жүйесін құруды талап етеді.
Осы бағытта барлық мемлекеттердің күштерін біріктіру, қақтығыстарды, келіспеушіліктерді еңсеру, бейбітшілік пен келісімге жетелейтін ымыра іздеу негізгі жұмыс болуы тиіс.
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің құрамында Қазақстанның бірінші кезектегі міндеті халықаралық экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылда күштерді шоғырландыру болады, бұл жер шарының әр өңірі үшін өзекті мәселе.
Біз бүгінгі жүктелген миссияны аса жауапкершілікпен, абыроймен орындайтынымызға сенімдіміз», делінген хабарламада.
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Есірткі қылмысы мен нашақорлыққа қарсы күрес жұмыстары қалай жүргізілуде -
Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
АҚШ-та балалар арасында коронавирус көбеюде, ал ДДСҰ COVID-19-ға қарсы 3 препаратты сынақтан өткізбекші -
ӘЭД: Инфляция, азық-түлік бағасының қымбаттауы және дағдарысқа қарсы іс-шаралар