- Басты
- Жаңалықтар
- Түркия президенті Н.Назарбаевты Қазақстанның БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшелігіне сайлаудағы жеңісімен құттықтады
Түркия президенті Н.Назарбаевты Қазақстанның БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшелігіне сайлаудағы жеңісімен құттықтады
Әңгіме барысында Түркия Президенті Елбасын 28 маусымда Нью-Йоркте өткен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлаудағы Қазақстанның айқын жеңісімен құттықтады.
Мемлекет басшысы Ыстанбұл қаласы әуежайындағы террористік акт салдарынан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына шын ниетпен көңіл айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік қауіпсіздікке қатер төндіретін халықаралық терроризм мен экстремизм әрекеттерін Қазақстан қатаң айыптайтынын атап өтті.
Р.Ердоған Түркия мен Ресей арасындағы барлық қарым-қатынасты реттеуге бағытталған баға жетпес үлесі мен зор еңбегі үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді.
Түрік көшбасшысы Елбасына Ресей Федерациясының Президенті В.Путинмен телефон арқылы сөйлескенін айтты және Анкара мен Мәскеу арасын жақындату тұрғысынан көзделген қадамдар жүзеге асады деп үміттенетінін жеткізді.
Р.Т.Ердоған Қазақстан Президентін жуық арада Түркияға сапармен келуге шақырды.
Телефон арқылы сөйлесуге түрік жағы бастамашы болды.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
ШЫҰ-ға 20 жыл: Тұрақтылық пен өркендеу жолындағы ынтамақтастық -
Елордадағы эпиджағдай: инфекциялық стационарлардың жүктемесі 70%-дан асты -
Қ.Көшербаев: Қаныш Сәтбаев халқына қызмет етуді бір сәтке болсын тоқтатқан емес -
Президент дипломаттарды кәсіби мерекесімен құттықтады -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады