- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ЖОО қауымдастығы: Қазақстанның БҰҰ ҚК-не сайлануы - еліміздің ядролық қаруды таратпаудағы жетістіктерінің мойындалуы
ҚР ЖОО қауымдастығы: Қазақстанның БҰҰ ҚК-не сайлануы - еліміздің ядролық қаруды таратпаудағы жетістіктерінің мойындалуы
Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығы еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануымен құттықтады.
Бұл отандық дипломатияның жеңісі және еліміздің ядролық қаруды таратпаудағы, ұлтаралық келісім мен конфессияаралық төзімділіктің бірегей бағдарламасын құрудағы жетістіктерінің сөзсіз мойындалуы.
Қазақстандағы ЭКСПО-2017, Универсиада-2017, экономика, білім, денсаулық сақтау салаларындағы форумдар - біздің елдің бүкіл дүние жүзі мен адамзат болашағы жөнінде алаңдайтынын айқын көрсететін әлемдік масштабтағы іс-шаралар.
Қазақстан - БҰҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, ИЫҰ, ҰҚШҰ, ТМД және т.б. секілді көптеген халықаралық ұйымдардың белді мүшесі. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануының ендігі жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы төрағалығымен тұспа-тұс келуі өте маңызды, бұл өзекті өңірлік мәселелерді шешуде БҰҰ-мен тиімді ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге мүмкіндік береді.
Қазақстан БҰҰ-ның бітімгершілік әлеуетін арттыруға бағытталған қызметі мен күш-жігерін толықтай қолдайды.
БҰҰ Республиканы әлемдік проблемаларды шешуде салмақты әрі сындарлы жолды таңдайтын мемлекет ретінде таниды.
Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне сайлануы - үлкен мәртебе әрі қазақстандықтар үшін ерекше мақтаныш. Әлемдік қауымдастық біздің елімізге зор сенім білдіріп отыр, Қазақстан осы сенімді абыроймен ақтап шығатынына күмәніміз жоқ», делінген хабарламада.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді -
АХҚО олимпиада жеңімпаздары Қазақстан мен Ресейдің жетекші ЖОО-ларында білім алмақ -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді