- Басты
- Жаңалықтар
- МӘМС аясында 8 млн-нан астам адам медициналық көмекті мемлекет енгізетін жарна есебінен алатын болады – ДСӘДМ (ФОТО)
МӘМС аясында 8 млн-нан астам адам медициналық көмекті мемлекет енгізетін жарна есебінен алатын болады – ДСӘДМ (ФОТО)
«Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында және денсаулық сақтау жүйесін қаржыландырудың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін мемлекет, жұмыс беруші және қызметкерлердің ортақ жауапкершілігін қамтамасыз ететін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу (әрі қарай - МӘМС) бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. МӘМС енгізілгеннен кейін Қазақстанда әлеуметтік тұрғыдан осал тұрғындар қатарына кіретін (азаматтардың 12 санаты) 9,8 млн-нан астам адам медициналық көмекті мемлекет енгізетін жарна есебінен алатын болады», - деді Т.Дүйсенова.
Министр ағымдағы экономикалық жағдайға қарамастан, Үкіметтің халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді уақытылы әрі толыққанды орындап отырғанын атап айтты.
2016 жылы ынтымақты зейнетақы 9%-ға ұлғайтылды, барлық жәрдемақылар - 7%-ға, мүгедектік және асыраушысынан айырылған жағдайда берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағы 25%-ға артты.
«Мемлекет басшысының әлеуметтік қолдау бойынша берген бірқатар тапсырмалары азаматтардың әлеуметтік ахуалын жақсарту мақсатындағы шаралардың жалғасы болып табылады. Ұлт жоспары «100 нақты қадам» шараларын іске асыру аясында 2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап қазіргі таңда аз қамтылған азаматтарға төленетін әлеуметтік көмектің үш түрі атаулы әлеуметтік көмек түріне (әрі қарай - АӘК) жаңа үлгіде өзгертіледі. Ол отбасының жұмысқа жарамды мүшелерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына белсенді түрде қатысқан жағдайда ғана беріледі», - деді министр.
Оның айтуынша, 2014 жылы 3 аймақта пилоттық режимде, 2015 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап республиканың барлық облыстарында (38 аудан мен қала) басталған «Өрлеу» жобасының аясында жаңа әдістерді жүзеге асыру сатылай жүргізіліп келеді.
««Өрлеу» жобасы қатысушыларының жан басына шаққандағы орташа кірісі 2 еседен астам ұлғайды; АӘК алушалыр саны 31,8%-ға, балаларға төленетін мемлекеттік жәрдемақы 2,1%-ға азайды; жобаның жұмысқа жарамды мүшелерінің 90%-ы жұмыспен қамту шараларына қатыстырылды», - деді ол.
Индира Кауметова
Суретке түсірген Азамат Әлиев
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары