- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда профилактикалық тексеру тәртіптері жеңілдетіледі - ДСӘДМ
Қазақстанда профилактикалық тексеру тәртіптері жеңілдетіледі - ДСӘДМ
«Ересек тұрғындарды профилактикалық тексеру тәртіптері жеңілдетілмек. Азаматтар міндетті профилактикалық тексеруден өту кезінде (жұмысқа тұру немесе оқуға барар кезде және т.б.) мерзімі өтпеген жағдайда, денсаулығы жайында медициналық анықтаманы халыққа қызмет көрсету орталықтарында ала алады. Ал бағдарлы мамандарға қаралу қажеттілігі туындаған жағдайда олар ХҚКО-да емхана мен қызмет көрсету уақытын таңдай алады», - деді Т.Дүйсенова.
Министр атап өткендей, диспансерлік есепте тұрған ауруларға жеңілдігі бар дәрілік заттарды беру процедураларын оңайландыру қарастырылуда. Дәрігерлер жеңілдігі бар дәрілер рецептін созылмалы аурулары бар диспансерлік есепте тұратын пациенттер үшін тоқсанына бір рет, қымбат дәрілер алатын ауыр түрдегі сырқаттанғандар үшін ай сайын жазып беретін болады.
Оның айтуынша, дәріханалар пациенттерге берілген рецептер негізінде сәйкес дәрілік заттарды беріп, олардың есебін жүргізеді. Ресцептерді келісімдерден өткізу автоматты тәртіпте «ИСЛО» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылатын болады. Оны апробациялау ағымдағы жылғы шілдеден бастап Астанада жүргізілмек.
«Ауруларды ерте кезеңде анықтауға ерекше көңіл бөлінетін болады. ДДСҰ сарапшыларымен бірге Ұлттық скринингтік бағдарламаның тиімділігі анықталды. Нәтижесінде жас бойынша мақсатты топтың құрамы мен скринингті өткізу жиілігін қайта қарау қажеттілігі туралы шешім қабылданды», - деді министр.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады