- Басты
- Жаңалықтар
- Елбасы Өскемендегі облыстық Қан орталығында болды
Елбасы Өскемендегі облыстық Қан орталығында болды
Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында облыстық Қан орталығына барып, мекеменің жұмысымен танысты. Сондай-ақ донация және қан құрамдауыштарының сапасын автоматтандырылған зертханалық бақылау әдісін енгізуге мүмкіндік беретін жаңа медициналық құралдармен жабдықталған орынжайларды аралап көрді.
Қазақстан Президенті орталық қызметкерлерімен әңгімелесіп, қаланың медициналық мекемелерінің қажетті емханалық және диагностикалық жабдықтармен қамтамасыз етіліп жатқанын атап өтті.
Нұрсұлтан Назарбаев ұжымның табысты болып, қызмет нәтижелерінің арта беруіне тілектестігін білдірді.
Мекеме қызметкерлері медицина саласына жүйелі қолдау көрсетіліп отырғаны үшін ризашылықтарын жеткізді.
Облыстық Қан орталығы донор қанымен және оның құрамдауыштарымен қамтамасыз етеді. Мекеменің жобалық қуаты жылына 24 мың литр қан әзірлеуге жетеді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда