- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодар облысында көпірлердің құрылысына отандық материалдар қолданылуда
Павлодар облысында көпірлердің құрылысына отандық материалдар қолданылуда
Ертіс өзені арқылы өтетін көпір өткелін салу және жаңарту аясында Ертіс өзені, Усолка өзені және Щучье көлі арқылы өтетін төрт көпір салынып жатыр. Көпірдің тіректерін, бұрғылау арқылы қадалған бағаналарын орнату, металдан жасалған құрылғыларды орнату жұмыстары аяқталды, енді өтпелі бөлікті жабындау жұмыстары ғана қалды. Аркалы көпірде металдан жасалған аралық құрылғылар жиналып, орнатылды, арканың құрылымы орнатылып жатыр.
Көпірлер арасында салынып жатқан автожолдарда да жұмыс қарқынды жүріп жатыр, жұмысқа қажетті жол салу техникасы және 414 адам жұмылдырылған. Жер жабынын төгіп алу жұмысы атқарылған, жолды төменгі қабатына дейін қаптау жұмысы аяқталды, тауарлық бетон шығаруға арналған инерттік материалдар дайындалып жатыр. Қазіргі уақытта алмұрт тәріздес бөгетті, траверстерді және жақтауларды нығайту жұмыстары жүріп жатыр, су өткізгіш науалар орнатылуда, электрмен жабдықталған сыртқы жарықтандыру жұмыстары орындалуда.
Нысанға арналған негізгі жол салу материалдары, яғни, қиыршық тас, құм-гравий қоспасы, битум және басқа да материалдар жергілікті кәсіпкерлерден сатып алынды. Ертіс өзені арқылы өтетін негізгі көпірге арналған цемент, металл және ванттар басқа аймақтардан әкелінуде. Атап өтетіні, бұл жобаны іске асыруға шағын және орта бизнестің қоғамдық тамақтандыру және көлік қызметін көрсететін жүзге жуық кәсіпорны қатысып отыр.
Жуырда Павлодар облысының әкімі көпір өткелі құрылысының барысымен танысты. Телімде еңбектеніп жатқан мамандар жаңа технологиялар бойынша салынып жатқан Ертіс өзені арқылы өтетін аркалы көпір Ертіс өзені жағалауын көріктендіре түсетінін айтты.
«Сөзсіз, бұл аймағымызда іске асырылып отырған еліміздің аса ірі инфрақұрылымдық жобасы. Көпір баршамызға республикамыздың Тәуелсіздік күніне тамаша сыйлық болмақ»,-деді Болат Бақауов.
Алайда, бұл облысымызда көпір салу саласында іске асырылып отырған жалғыз жоба емес. Қазірде облысымыздың автомобиль жолдарында көпірлер, көлік тораптары мен жол өтпелері қарқынмен салынып жатыр. Астана – Ерейментау – Шідерті телімінде «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша екі көлік торабы мен жол өтпесін салу жоспарланып отыр. Ал Қызылорда - Павлодар – Успенка – Ресей Федерациясының шекарасы телімінде тоғыз көлік торабы салынуда және Ертіс-Қарағанды арнасы арқылы өтетін көпір жаңартылып жатыр. Оған қоса, Ульяновский – Керней – Үміткер – Баянауыл – Майқайың – Қалқаман автомобиль жолының телімінде Ащысу өзені арқылы өтетін көпірде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
-
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Отандық медиа саласы қалай дамып жатыp -
Пандемия отандық туризм саласына қалай әсер етті -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
Туризм: Отандық вакцина паспорты жарамды елдер, «Kids go free» жобасы және жолдағы сервистік нысандар