• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Президенті Астанада ядролық қарусыз әлем құру жөніндегі конференцияға қатысады

ҚР Президенті Астанада ядролық қарусыз әлем құру жөніндегі конференцияға қатысады

29 Маусым, 2016 12:16
Тамыз айының соңында Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен халықаралық конференция өтеді. Конференция аясында «Әлем. XXI ғасыр» манифесінің мағынасын талқылайды. Сондай-ақ, ядролық қарусыз әлем құру мәселесі қарастырылады, деді Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттің жоғары палатасының отырысында.

«Манифестің тарихи мағынасы мен ядролық қарусыз әлем құру мәселелері халықаралық конференцияда талқыланатын болады. Шараны Сенат парламентарилер одағымен бірігіп ядролық қаруды таратпау мен қарусыздандыру мақсатында өткізбек. Елбасының қатысуымен өтетін конференция тамыздың 29-ы өтеді», - деді Қ.Тоқаев.

Ол айтып өткендей, конференция Семей полигонының жабылғанына 25 жыл толуына арналады. Халықаралық конференцияға Парламенттің барлық депутаты қатысады.

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар