- Басты
- Жаңалықтар
- Г. Әбдіқалықова аймақтардың ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын өткізу бойынша дайындықтарын тексерді (ФОТО)
Г. Әбдіқалықова аймақтардың ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын өткізу бойынша дайындықтарын тексерді (ФОТО)
«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында ҚР Үкіметі азаматтық қоғам институтымен бірге Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жеке іс-шара жоспарын ұйымдастыруда. Бүгін біз жоспарға алынған іс-шараларды талқылаймыз, сонымен қатар аймақтар бойынша да дайындықты қарастырамыз. Селектрлі желі арқылы бізге аймақ әкімдері, Астана және Алматы қалалырының әкімдері желіге шығады, бүгін барлық аймақ акцент жасайтын болады. Біз бүгін барлық жұмыс кездерін талқылауымыз керек, сонымен қатар түрлі болып жатқан мәселелерді де»,-деді Г.Әбдіқалықова.
Сонымен қатар, отырыс барысында ҚР Мемхатшысы ҚР мәдениет және спорт министрінің, ҚР білім және ғылым министрінің және ҚР ақпарат және коммуникация министрінің баяндамасын тындады.
Отырыс барысында Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.
«Ақпарат және коммуникация министрлігі біздің еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығын ақпараттандыру процесіне аса көп көңіл бөлетін болады. Ақпараттық науқанның мақсаты халықтың патриоттық сезімін жоғарылату, еліміздің негізгі жетістіктері көрсетілетін болады. Көрсететін, таныстыратын нәрселер бар. Менің ойымша, ақпараттық компания жетістікке жетеді. Біз шамамен 25 зәкірлі жобаны таныстырамыз, қазір оның барлығы пысықталуда»,-деді ҚР АКМ Дәурен Абаев.
Министрдің айтуы бойынша, ақпараттық жұмысқа деген тәсілді өзгерту жоспарланған және тек бікітілген медиажоспар ғана қолданылмайды, сонымен қатар мақсатты тәсілдер де қолданылады, яғни әрбір халыққа арнайы жобалар ұсынылатын болады.
Жиын қорытындысында Мемлекеттік хатшы жоспарланған іс-шараларды сапалы және мерзімінде ұйымдастыруды қамтамасыз ету қажеттігін атап өтіп, комиссия мүшелеріне жұмысты әрі қарай ұйымдастыруға байланысты бірқатар нақты тапсырма берді
Суретке түсірген Бауыржан Жуасбаев
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет