• Басты
  • М.Сидибе: Қазақстанның ЖҚТБ-ны 2030 жылға дейін тоқтататын барлық мүмкіндігі бар
29 Маусым, 2016 13:02

М.Сидибе: Қазақстанның ЖҚТБ-ны 2030 жылға дейін тоқтататын барлық мүмкіндігі бар

Қазақстанның 2030 жылға қарай ЖҚТБ-ны тоқтатуға барлық мүмкіндігі бар, деп БҰҰДБ-ның атқарушы директоры Мишель Сидибе Strategy2050.kz АА берген сұхбатында мәлім етті.

М.Сидибе: Қазақстанның ЖҚТБ-ны  2030 жылға дейін  тоқтататын  барлық мүмкіндігі бар | Strategy2050.kz

«Біз «омыртқаны» сындырдық, көбінесе, адамның иммун тапшылығы вирусын, қазір Қазақстанда барлығы 22 мың адам АИТВ жұқтырған және бұл көрсеткіш кемуде, бізде барлығы 7-8 мың адам емделуден өтуде. Менің ойымша, бұл уәде өте жақсы және осы жоспарда жақсы қызмет атқарылуда»,-деді М: Сидибе.

Оның айтуы бойынша, қазір ТМД елдерінде жақсы өзгерістер бақылануда, көбінесе, Қазақстанда.

«Алдын алу шаралары тарапынан уәде айтарлықтай жақсы және ол АИТВ-мен күресте бар, сондай-ақ жақсы нәтиже Армения, Беларуссияда бар және ол жақта жұқпалылықтың деңгейі төмендеді. Бұл өте жақсы көрсеткіш»,-деді ол.

М.Сидибе айтып өткендей, ЖҚТБ-мен күрес бойынша БҰҰ-ның бағдарламасы Бас Ассамблеяда тапсырма қойды және оны барлық мемлекетттер қабылдады, - барлық әлем бойынша 2030 жылға қарай ЖҚТБ-ны тоқтату. Ал, Қазақстан осыны ертерек жасау үшін барлық мүмкіндікке ие.  

«Менің пайымдауымша, ол потенциалды түрде бұған қол жеткізе алады, яғни, ол үшін барлық мүмкіндіктер, инструментарилер, тиісті білім, індетті болдырмау үшін тиісті ақпараттар бар. Қазіргі жағдайда бізде жаңа бастамалар бар, бірінші кезекте, біз осының барлығын тездетуіміз керек, бізде бесжылдық терезе мүмкіндігі бар. Егер біз осы терезелерді қолданбайтын болсақ, әрине, бұның барлығы зая кетеді, және де 2016-2020 жылдары біз мүмкіндігі шектеулі адамдарға көңіл бөле аламыз»,-деді М.Сидибе.

Жалпы алғанда, оның айтуы бойынша, 2030 жылға қарай барлық орталық азиялық елдердің деңгейге жетуіне мүмкіндіктер бар. Осы мәселе бойынша сарапшылардың айтуынша, есірткіні қолдану арқылы таралатын аурулар мәселесін шешуге көп көңіл аудару қажет.Статистика бойынша, Шығыс Еуропа аймақтарында, сонымен қатар Орталық Азияда – АИТВ- пен ауырған 51 пайыз адамдардың көбісі есіпткіні қолдану кесірінен жұқтырған.

Индира Қауметова

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды