- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Парламенті Ресеймен Каспий теңiзiнің түбiн бөлуге қатысты заң жобасын мақұлдады
Қазақстан Парламенті Ресеймен Каспий теңiзiнің түбiн бөлуге қатысты заң жобасын мақұлдады
«Аталған хаттама 2015 жылдың 15 қазанында Астана қаласында жасалды. Құжат Қазақстан мен Ресей атынан уәкiлеттi ұйымдар арқылы Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiнiң түбiндегi кендi Қазақстанда «Құрманғазы» («Құлалы»), Ресейде «Центральная» және «Хвалынское» кен орны құрылымдарында бiрлесiп игеруге құқықтық негiздердi белгiлейдi.«Центральная» құрылымы Каспий теңiзiнiң солтүстiк бөлiгiнде Ресей секторында орналасқан. Жұмыс учаскесiндегi судың тереңдiгi 350-ден 500 метрге дейiн жетедi. Ресей жер қойнауын пайдалану жөнiндегi федералдық агенттiгiнiң алдын ала деректерi бойынша қор 90 млн тонна мұнайды құрайды. Өзгерiстер енгiзудiң негiзгi себебi Ресей жер қойнауын пайдалану жөнiндегi федералдық агенттiгiнiң бiрлескен кәсiпорын «Центральная» мұнай-газ компаниясының жеке барлау жүргiзу үшiн геологиялық зерттеуге, барлауға және өндiруге лицензия алуға арналған өтiнiмiн қараудан бас тарту болып табылады. Ресей заңнамасында жеке барлауға, жер қойнауын пайдалану құқығын беру бөлiгiнде шектеу белгiленген», - деп баяндады ҚР Энергетика вице-министрi Әсет Мағауов.
Атап айтқанда, геологиялық зерттеудiң жалпы мерзiмi жеке барлау шеңберiнде ұзарту мүмкiндiгiнсiз тек қана 5 жыл екен. Аталған шешiм келiсiмге хаттаманың төртiншi бабына тиiстi өзгертулер енгiзудi талап етедi дейдi вице-министр.
«Осыған байланысты барлау мүмкiндiгiн қамтамасыз ету және геологиялық тәуекелдердi азайту, «Центральная» құрылымының қорларын нақтылау үшiн тараптардың уәкiлеттi органдары келiсiге хаттамға өзгерiстер енгiзуге бастамашылық жасады. Тұтастай алғанда, аталған құрылымды игеру, ең алдымен, Каспий қайраңының солтүстiк бөлiгiн игеру кезiнде геологиялық ақпаратты алуға, қазақстандық мамандар үшiн жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкiндiк бередi», - дедi ол.
Ботагөз Айтжанова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді