• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандық телекоммуникация қызметі нарығының көлемі 600 млрд. теңгеге артты

Қазақстандық телекоммуникация қызметі нарығының көлемі 600 млрд. теңгеге артты

29 Маусым, 2016 10:38
Бүгінгі таңда Қазақстандық телекоммуникация қызметі нарығының көлемі 600 млрд. теңгеге артады, деп хабарлады ақпарат және коммуникациялар қызметі министрі Дәурен Абаев «Қазақтелеком: инновациялар стратегиясы» форумында.

«21 ғасырда мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі технологиялық өрлеу деңгейіне байланысты болады. «Ақпаратты Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырған жылдары бұл бағытта айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Айталық, халық мобильдік байланыспен кең ауқымда қамтылды, кең жолақты интернет қол жетімді болды, телефония мен цифрлы эфирлік хабар тарату мәселесі жоғары деңгейге көтерілді. Бүгінгі таңда телекоммуникациялық қызмет біздің экономика үшін маңызды техникалық сектор болып табылады. Оның көлемі 600 млрд, теңгеге артты»,-деді Д.Абаев өз сөзінде.

Атап өту керек, форум аясында «Қазақтелеком» компаниясының жаңарған даму стратегиясы таныстырылды.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар