• Басты
  • Жаңалықтар
  • Т.Донақов: Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру шаралары қарастырылуда (БЕЙНЕ)

Т.Донақов: Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру шаралары қарастырылуда (БЕЙНЕ)

8 Маусым, 2016 14:03
2016 жылдың 1 маусым жағдайы бойынша 8 мың қазақстандық мемқызметкер өздерінің біліктіліктерін арттырды, деп халық алдында есептік кездесу барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрі Талғат Донақов мәлім етті.

1 маусым жағдайы бойынша оқытудан 8 мың мемқызметкер өтті

«Ұлт жоспарын іске асыруда мемқызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша да шаралар қолданылуда. Оларды тұрақты және сапалы оқыту мақсатында қажетті оқу құрылымы салынған және оны Назарбаев университеті мемлекеттік саясатының жоғары мектебі, еліміздің Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы қалыптастырады, сонымен қатар оқытудың аймақтық орталықтары»,-деді министр.

 Естерінізге сала кетейік, Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» 9 қадамында мемқызметкерлерді жиелі түрде оқыту жүйесі туралы заңнамалық бекіту жазылған, біліктілікті үш жылда бір рет жасау керек.

Анар Тәңірқұлова

Бейне:  Азамат Әлиев

Барлық жаңалықтар