- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды (ФОТО)
Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды (ФОТО)
«Қазақстан 138 дауыстың 129 қажеттісін жинады. Құттықтаймын! Бұл біздің ортақ жеңісіміз», – деп хабарлады СІМ.
Бас Ассамблеяда өткен дауыс беру кезінде Қазақстан 138 мемлекеттің қолдауына ие болды. Ол бұл сайлауда 55 дауыс жинаған Таиланд мемлекетінен басым түсті.
Айта кетейік, Азия-Тынық мұхиты аймағы мемлекеттері атынан 1 орынға Қазақстан және Таиланд елдері таласқан болатын.
«Дауыс берушілердің үштен екісінің қолдауына ие болып, Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесіне 2 жылға тұрақты емес мүше болып сайланды, 1 қаңтардан бастап қызметін бастайды», - деп мәлімдеді Бас Ассамблеяның 70-сессиясының төрағасы Могенс Люккетофт.
Өткен жылы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2016-2017 жылдардағы тұрақты емес мүшелігіне Мысыр, Сенегал, Украина, Уругвай және Жапония елдері сайланған болатын.
Осы жылдың 31 желтоқсанынан бастап Ангола, Малайзия, Венесуэла, Жаңа Зеландия және Испания мемлекеттері Қауіпсіздік Кеңестегі орындарын босатады.
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне 15 мемлекет мүшелік етеді. Ұлыбритания, Қытай Халық Республикасы, Франция, Ресей Федерациясы және Америка Құрама Штаттары - Кеңестің тұрақты мүшелері. Одан бөлек 10 тұрақты емес мүше мемлекетті Бас Ассамблея екі жылға сайлайды. Әр жыл сайын оның бесеуі жаңарып отырады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді