- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР мен РФ Қауіпсіздік кеңесінің хатшылары ұлттық қауіпсіздікті қамтамсыз ету саласындағы екі елдің серіктестігін нығайту мәселелерін талқылады
ҚР мен РФ Қауіпсіздік кеңесінің хатшылары ұлттық қауіпсіздікті қамтамсыз ету саласындағы екі елдің серіктестігін нығайту мәселелерін талқылады
Іс-шараға екі тараптың тиісті мемлекеттік органдарының басшылары мен жауапты қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ халықаралық терроризмге, діни экстремизм мен заңсыз есірткі айналымына қарсы іс-қимыл саласындағы екі елдің серіктестігін нығайту мәселелері қаралды.
Консультацияларға қатысушылар өңірлік қауіпсіздік саласындағы ахуалға баға беріп, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, атап айтқанда, Таяу Шығыс пен Ауғанстандағы жағдайды талқылады.
Н.Ермекбаев, консультацияларды қорытындылай келе, экстремизм мен терроризмге қарсы күрес мәселелері бойынша Қазақстан мен Ресейдің құзыретті органдары арасында ақпарат алмасудың маңыздылығына, екі елдің деңгейлес мамандарының жұмыс бабындағы кездесулерінің өткізілуіне назар аударды. Сонымен қатар Қазақстан мен Ресей аумақтары арқылы есірткі трафигіне қарсы тиімді іс-қимыл жасау мақсатымен Есірткінің, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының қызметін жандандыра түсу ұсынылды.
Тараптар талқыланған жайттарды ескере келіп, бірлесе қабылданған шешімдерді іске асыру бағытында жасалуы тиіс алдағы нақты қадамдар жөнінде уағдаласты.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді