- Басты
- Жаңалықтар
- ЖЗҚ қаржысын экономиканы дамытуға салу үлкен тәуекелді қажет етпейді – ҚР Еңбек министрлігі
ЖЗҚ қаржысын экономиканы дамытуға салу үлкен тәуекелді қажет етпейді – ҚР Еңбек министрлігі
«Тақауда Үкімет жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржысын «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде қолдану арқылы шағын және орта бизнесті дамытуға инвестициялау туралы бастама көтерді. Сонымен қатар, ЖЗҚ қаржысын инфрақұрылымдық жобаларға инвестициялау мәселесі де шешілуде. Мұның барлығы инвестициялық табыстылықты қамтамасыз ету үшін жасалуда, оның нәтижесінде зейнеткерлікке шыққан адамға еңбек еткен жылдар ішінде тапқан табысын алмастыратын табыс алуға мүмкіндік беріледі», - деді Еңбек министрі.
«Бұл жағдайлардың барлығы, әрине, осыны іске асыру барысында талданады, біз осы қаржыны салған кезде салымшылар үшін үлкен қауіп болмайтындай тетік түрлерін енгіземіз», - деп атап өтті С.Әбденов.
Еңбек министрі сөзіне қарағанда, Қазақстанда Бірыңғай ұлттық зейнетақы қорын құруға ҚР Үкіметі Дүниежүзілік Банк сарапшыларымен бірлесіп жүргізген талдауы арқылы анықталғандай, қазіргі жұмыс істеп тұрған зейнетақы қорларының тиімсіздігі себепші болған.
«Президенттің тапсырмасы жинақтаушы зейнетақы қорларының қазіргі жағдайына қарай уақытылы жасалған шара», - деді С.Әбденов.
Ведомство басшысының айтуынша, Еңбек министрлігіне бір айдың ішінде аталған мәселе бойынша өз ұсыныстарын енгізу жүктелген.
«Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысы ең алдымен барлық мемлекеттік органдардың алдына, Үкіметтің алдына халықтың, оның ішінде әр адамның өмір сүру сапасын жақсарту міндетін қойып отыр, сондықтан бұл сұрақ дәл осы көзқараста қарастырылуы қажет. Бүгінде зейнетақы төлемдерін еңбек жасындағы табатын табыспен тиісінше алмастыратын қажетті мөлшерге дейін жеткізу жөніндегі факторлар талқылануда», - деп түсіндірді министр.
Үстіміздегі жылғы 23 қаңтарда Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев 2012 жылдың қорытындылары мен «2050-Стратегиясын» жүзеге асыру жөніндегі міндеттер жөніндегі мәжілісте Еңбек министрлігіне Ұлттық банкпен бірлесіп Бірыңғай ұлттық зейнетақы қорын құру жөнінде ұсыныс енгізуді тапсырған болатын.
«Бірыңғай зейнетақы қорын құрып, оған барлық жекеменшік жинақтаушы зейнетақы қорларының шоттарын беру керек. Біздегі зейнетақы және сақтандыру секторында орасан мол ақша - 800 млрд теңге пайдаланылмай жатыр... Банктердің бүгінде теңгемен 6,5-7,5% орта мерзімді қорлануға күштері жетеді. Сондықтан алдымен осы ресурсты пайдаланайық», - деді Н.Ә.Назарбаев.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды