- Басты
- Жаңалықтар
- Ж.Қасымбек: 2017 жылы Қазақстанның бірқатар автожолдарын ақылы ету жоспарлануда
Ж.Қасымбек: 2017 жылы Қазақстанның бірқатар автожолдарын ақылы ету жоспарлануда
««100 нақты қадам» Ұлт жоспарының аясында жол-көлік инфроқұрылымы, көлік логистикасы мен әуе тасымалына қатысты заң дайындалып, бекітілген. Ұлт жоспары аясында оператор ретінде «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-на республикалық маңыздағы автомобиль жолдарын дамыту мен қамтуда инвестиция тарту құзіреті берілді»,-деді Ж.Қасымбек.
Ұлттық операторларға инвестиция тарту есебінен үш санаттағы жүк көліктері үшін автожолдарға толық ақылы жүйесі енгізілмек. Сондай-ақ, «Нұрлы жол» автожол жобаларын қайта жаңғыртуға мемлекеттік емес қарыздар тартылатын болады.
«Бұдан бөлек, 7 мың шақырым автожолға ақыны өндіріп алу жүйесі енгізілді. Ақылы жолдан түскен қаржы толығымен автожолды күтіп ұстауға жұмсалады. Бұл өз кезегінде республикалық бюджетке салмақ салмауға мүмкіндік береді. 2015 жылы Астана – Щучинск ақылы жолынан түскен қаржы 1,1 млрд. теңгені құрады. Ал, жалпы 2013-2015 жылдар кезеңінде 2,8 млрд. теңгені құрады»,-деп атап өтті ведомство басшысы.
Оның айтуынша, 2017-2018 жылдары Астана – Атбасар – Жақсы, Шымкент – Қызылорда, Астана – Теміртау, Алматы – Қапшағай – Талдықорған, Алматы – Қорғас, Астана – Павлодар автожолдарына ақылы жүйені енгізу жоспарлануда.
Ботагөз Айтжанова
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
Инфляцияға қарсы әрекет ету шаралары -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері