- Басты
- Жаңалықтар
- ЮНИСЕФ сарапшылары жастар ресурстық орталықтары қызметкерлерін оқытуда
ЮНИСЕФ сарапшылары жастар ресурстық орталықтары қызметкерлерін оқытуда
Осыған сәйкес жастар үшін олардың қажеттіліктеріне жауап беретін қызмет түрлерін әзірлеу, жастармен жұмыс жасау дағдыларын дамыту, орталық қызметкерлерінің жергілікті деңгейде жастар үшін, оның ішінде әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарға бағдарламалар және тиімді қызметтер жоспарлауды үйрету мақсатында 27 маусымнан 1 шілдеге дейін ЖРО үшін арнайы тренингтер топтамаларын бірінші кезеңі жүргізіледі. Оқыту-курсы Қызылорда облысынан бастау алып, сонан кейін тәжірибені өзге өңірлер қабылдайды. Оқыту аясында жастар ресурстық орталықтары қызметінің жаңа моделі құрылатын болады, деп хабарлады әкімдік.
"Қызылорда облысының жастар ресурстық орталықтары жұмысының жетілдіруде сарапшылық қолдауды Алекс Фэрроу басшылығымен (Германия,Ұлыбритания) жастар саясаты зертханасы өкілдерінен тұратын ЮНИСЕФ халықаралық сарапшыларының тобы қөрсетуде. Оқыту – курсы бес күндік екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде жастар мен жасөспірімдердің әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарының қажеттіліктеріне басты көңіл аударып, жастармен жұмыстың негізгі дағдыларына, жастармен қарым-қатынас нысандарына, жастар саясатын жүзеге асырудағы ерекшеліктерге, жастар ресурстық орталығы жұмысының жоспарын және тұжырымдамасын әзірлеуге, жастардың қажеттіліктерін бағалау және жоспарлау әдіснамасына назар аударылады", - делінген хабарламада.
Негізгі назар - жұмыссыз, уақытша жұмыста жоқ, өзін-өзі жұмыспен қамтыған, өмірдің қиын жағдайына тап болған, сондай-ақ, жағдайын жақсарту үшін ынталандыруға және тәлімгерлікке, психологиялық – кеңес беру қолдауларын қажет ететін жастарға бөлінетін болады.
Айта кетейік, Алекс Фэрроу басшылығымен (Германия,Ұлыбритания) жастар саясаты зертханасы «ҚР мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңын әзірлеуде сараптамалық бағалау қызметін көрсету аясында (ЮНИСЕФ) Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қорымен үлкен тәжірибеге ие. Жастар саясаты зертханасы – жастар саясатын іске асыруға ықпал ететін, жастар бойынша зерттеу, жастардың БАҚ –мен жұмысты жүргізетін тәуелсіз агенттік. (ЮНИСЕФ) Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қоры өз қызметін Қызылорда облысындағы 2014-2016 жылдарға арналған
ҚР Үкіметі және Біріккен Ұлттар Ұйымының бірлескен бағдарламалары аясында жүзеге асыруда. Бағдарламаның негізгі мақсаты – халықтың неғұрлым осал жіктерін қоса алғанда, жергілікті халыққа экономикалық, әлеуметтік және экологиялық қызметтерді көрсетуге инновациялық тәсілдерді енгізу арқылы өңірдегі өмір сүру сапасын арттыру.
-
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Ж.Бекшин: Коронавирус жұқтырғандар арасында жастар көп -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
Шетелдегі қандастармен мәдени-гуманитарлық байланыс, білім гранттары және қазақ жастарының клубы -
Жаһандану және жастар тәрбиесі -
Тарихи роман - жастарды елдік рухта тәрбиелеу құралы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
АҚДМ қорытындысы: Азаматтық қоғам, ҮЕҰ-нің жұмысы, жастар мен қандастар мәселесі -
Биыл «Мерейлі отбасы» байқауы мен «Дарын» жастар сыйығын беру қалай ұйымдастырылады -
Президенттік жастар кадрлық резервіне ену жолдары қандай -
17 мамыр - байланыс және ақпараттандыру қызметкерлерінің күні -
Қазақстандықтар жұмыспен қамту орталықтарының қызметтерін онлайн режимде ала алады